Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


ЭКЛЕКТИЗМ КЕЗЕҢІНДЕГІ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет133/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.8. ЭКЛЕКТИЗМ КЕЗЕҢІНДЕГІ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ 
ЖАҢА СТИЛЬДІК БАҒЫТТАРДЫ ІЗДЕУ
1.8.1-тақырып. ХІХ ғасырдың ортасы -ХХ ғасырдың 
басындағы Батыс Еуропа елдерінің сәулеті
ХІХ ғасырдың ортасында капитализмнің дамыған шағында 
Батыс Еуропа елдерінде сәулет пен қала құрылысында үлкен 
өзгерістер орын алды. Сауда қатынастарын дамыту үшін жақсы жол-
дар мен көлік магистральдары қажет болды. ХІХ ғасыр темір жолдар 
мен ірі көпірлер құрылысының ғасыры атанды. Металлургиялық 
өнеркәсіптің қарқынды өсуі металдың әртүрлі салаларда, соның 
ішінде құрылыс пен көпір құрылысында қолданылуына мүмкіндік 
туғызды.
Бұл кезеңге алғашқы металл көпірлердің пайда болуы жата-
ды. ХVІІІ ғасырдың соңында-ақ Англияда шойын мен темірден 
ірі көпірлер салынды (аралығы 72 м Вермут жанындағы Уир өзені 
арқылы аркалы көпір (1779 ж.). Дегенмен, шойын нашар созылғыш, 
сынғыш материал. Тең құрылымды прокат темір ірі инженерлік има-
раттарды тұрғызуға мүмкіндік берді.
1818-1826 жылдары Т. Телфорд Ирландиядағы Менэй бұғазы 
арқылы аралығы 176 м орасан зор аспалы тас жол көпірін салды. 
1883-1890 жылдары Шотландияда Форт шығанағы арқылы аралығы 
525 м орасан зор аспалы-арқалықты көпір салынды (инженерлері 
Д. Фоулер, В. Бэкер). ХІХ ғасырда аралығы 165 м ірі аркалы көпір 


137
Франциядағы Гараби виадугін 1883-1884 жылдары Г. Эйфель 
тұрғызды.
Көпір салу қала сәулетіне белсенді ықпал ететін бағдарламалық 
бағыттардың біріне айналды.
Еуропа елдерінің қарқынды экономикалық дамуы азаматтық 
және өнеркәсіптік ғимараттар мен имараттардың жаңа түрлерінің 
қажеттігіне әкелді. Жаңа құрылыс материалдарының өндірісі 
(темірбетон, шыны, шойын, болат) құрылыс ғылымының дамуы-
на, конструкцияларды есептеудің жаңа әдістерінің пайда болуы-
на мүмкіндік туғызды. Әсіресе, металл аражабындарда кеңінен 
қолданылды. Өнеркәсіптік ғимараттардан жеңіл күмбезді және 
тоғыспалы конструкциялар түріндегі металл конструкциялар: 
вокзалдар, базарлар, көрме бөлмелері азаматтық сәулеттің жаңа 
түрлеріне көшті.
58-сурет
Сәулеттің дамуында әлемдік өнеркәсіптік көрмелердің маңызы 
зор. Лондондағы Әлемдік өнеркәсіптік көрме ғимараты – Кристалл-
палас (1851 ж. Д. Пэкстон, 
58-сурет)
сәулет практикасында алғаш 
рет шыны мен металлдан салынды. Ауданы 72 мың шаршы метр (563 
х 124 м) көрме залы бірдей сәулет-конструктивтік элементтерден – 
3200 металл бағана және 3200 металл арқалықтан салынды. Олар 
көтергіш қаңқаны құраған. Ғимарат 16 аптаның ішінде тұрғызылды. 


138
Әйнектелген элементтер мен болат жақтау селдір сәулеттің бастауы 
болды. 
Кейінгі көрмелерде металды жасырмайды, қасбетке ашық 
шығарады. 1889 жылы Париждегі машиналар галереясындағы 
көлемі 421 х 145 м көрмеде (Контамен және Ф. Дютер, 
60-сурет

орталық астаукеңістік аралығы 110,6 м 20 болат үш топсалы аркамен 
және арасына шатыр төселген биіктігі 45 м бұдырлы сырғауыл және 
арқалықпен жабылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет