Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет134/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

59-сурет
60-сурет
Өнеркәсіптік заман символы биіктігі 312,5 метр Г. Эйфель 
мұнарасы (1889 ж., 
59-сурет
). Гюстав Эйфель имараттың керегетор 
сипатында көрініс тапқан көпір құрылысы болды. 
Біртіндеп металды сәулетте, қаңқа ретінде өнеркәсіптік 
ғимараттарда пайдалана бастады. Бұл – Англиядағы тоқыма фабри-
калары, 1872 ж. Франциядағы Менье шоколад фабрикасы.
Өнеркәсіптің қарқынды дамуы ауылдардан халықтың ағылып 
келуін тудырды. Ірі қазып шығарушы және өңдеуші аудандарда 
жүздеген қалалар салынды. Кенттендіру, қалаларда қалыптасқан 
құрылыстардың былыққандығы, антисанитария олардың қайта 
құрылуы бойынша жедел шараларды талап етті. Буржуазиялық 
үкімет қала орталықтарына орнықты көрініс беріп, халық аз 


139
қоныстанған қала бөліктерін жасырғысы келді. Буржуазиялық қоғам 
қажетіне ортағасырлық қалаларды бейімдеу бойынша жұмыстар 
Лондонда, Венада, Парижде және басқа қалаларда жүргізілді. 
Сәулетші Осман Париж көшелерін қайта құру жобасын, атақты 
Елисей даласын жасайды. Қозғалысты жеңілдету үшін париждік 
«диаметрлер» сақиналы бульварлармен қосылады. Бас қиылыстарда 
саябақ массивтері салынды және алаңдар жасалды. 
Жаңа қалаларды қайта құру және жоспарлау бойынша 
практикалық жұмыстармен қатар қала аймақтарын аймақтандыру 
және көркейту мәселелерін шешу әрекеттері жасалған жаңа қала 
құрылыстық концепциялар пайда болады. 
Т. Гарнье өзінің «Өнеркәсіптік қала» атты жобасында қаланы 
санитарлық-қорғаныс аумақтарына бөлінген тұрғын және 
өнеркәсіптік аудандарға аймақтандыру идеясын ұсынды.
Ағылшын сәулетшісі Э. Говард тарамдалған-сақиналы құрылым 
және тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік қала бөліктеріне 
аймақтандырылған тамаша қала-бақ жобасын дайындады. 
Өткен сәулет – классицизмнің стильдік қағидалары сәулетте 
күрделі функционалдық-технологиялық үдерістердің талаптары-
на сәйкес келмеді. Көрме павильондарының ғимараттары негізінен 
инженерлік қызметтің жемісі бола отырып, бірлі-жарым ғана және 
кейіннен бұл имараттар кейінгі сәулеттің дамуына үлкен ықпал 
еткенімен эксперименттік сипатта болды. 
ХІХ ғ. 30-жылдарынан бастап ғимарат композициясы және 
көркемдік әшекейленуіне тән тәсіл стильдеу (өткеннің стильдеріне 
еліктеу) және эклектизм болып табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет