135
Германиядағы барокко стилін таратудың тарихи алғы шарттары,
аймақтық ерекшеліктер. Дрезденде, Вюрцбургтегі сарай кешендері.
Барокконың гүлденуі: Дрездендегі Цвингер ансамблі (сәулетшісі
М. Пеппельман), Вюрцбургтегі он төрт әулие шіркеуі (сәулетшісі
Б. Нейман). Дәстүрлі готикалық, ренессандық дәстүрлердің ықпалы.
Мүсін мен сәулеттің органикалық қосылуы. Шіркеулердің залдық
композициясы. Монументті ресми сәулетте классицизмді бекіту.
Берлиндегі театр, Бранденбург қақпасы (сәулетшісі Лангханс),
Регенсбургтағы Валлгалла мемориалы (сәулетшісі Л.
Фон Клен-
це). Ірі сәулетші К. Ф. Шинкел шығармашылығы; Берлиндегі ескі
мұражай ғимараты, құрылыс академиясының ғимараты.
Неміс
сәулетінде эклектизмнің пайда болуы.
Барокко стилі – императорлық билік орнаған Австрия
сәулетіндегі басым, ресми стиль.
Венаның сарай-саябақ
ансамбльдері. Шенбурнн сарайының жобасы, Жоғарғы Бельведер
сарайы – сәулетшілер фон Эрлах, Гильдебранд еңбектері. Венадағы
Карл Борромей шіркеуі (сәулетшісі фон Эрлах) – австриялық ба-
рокко гүлденуінің үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: