149
асыру болып танылды. СІАМ академизм, сәулетшіліктегі эклектизм
мен ескішілікке қарсы күресті. Оның басты ұйымдастырушылары
Ле Корбюзье (Франция), В. Гропиус (Германия), Л. Серт (Швеция),
З. Гидеон (Швейцария) болды.
Қазіргі қозғалыс сәулетінде
композициялық тәсілдерді
қалыптастыруға Ле Корбюзьенің «Нұр сәулелі қала» кітабында
жарияланған ғимаратты жобалаудың:
• топырақ сызынан ғимаратты ашатын ашық бағандар;
• тұрғындарға қосымша демалуға арналған аумақ беретін қатар
қолданылған жазық темірбетон төбе-бақ;
• ішкі қабырғаларды қаңқа бағаналарымен алмастыруды
қамтамасыз ететін ішкі кеңістікті еркін жоспарлау;
• бөлменің жарықтығын
арттыратын таспалы терезелер;
• қаңқалы конструкциялық жүйеге көшкенде, сыртқы
қабырғалардың көтергіш конструкцияларын көтергіш емес
конструкцияларға алмастыру арқылы қасбеттердің еркін
композициясы сияқты бес қағидасы зор ықпал етті.
Құрылыстың қарқынды жылдамдығы индустрияны әскери тап-
сырыстардан құрылыс конструкцияларын өндіруге қайта бағыттауға
мәжбүр етті. Жаңа «халықаралық» сәулет қағидаларының
қалыптасуында темірбетон қаңқа рөлі артады.
Сәулетшілер
ғимараттардың сыртқы пішіндерімен қаңқа ырғағын, жаппай
әйнектелген қасбеттерді, массаның өзіндік үйлесімі мен бөлінуін
пайдалана отырып, имараттың ішкі құрамын көрсетуге талпынды.
Дессаудағы «Баухауз» ғимараты, Роттердамдағы «Фан Неле» фабри-
касы сияқты имараттарда функционалдық ерекшелік көңіл аударта-
ды.
Әдемі қала бөліктерінде және қала сыртында функционализмнің
жетекші сәулетшілері жеке тапсырыс бойынша темірбетон кон-
струкцияларды
қолданып, үй-жайлар және виллалар: Пуассидегі
Савой вилласы, Гарштағы вилла, (1937 ж., сәулетшісі Ле Корбюзье)
салады.
Функционализмнің эстетикалық және эмоционалды шектел-
гендігі ХХ ғасыр сәулетінде бағыттардың бұл кемшіліктерінің
орнын толтыратын қатардың дамуын ынталандырды. Олардың
бірі – органикалық. Ол негізінен Л. Салливеннің шәкірті атақты
американдық сәулетші Ф. Л. Райттың есімімен байланысты.
Функционализмнің тиімді қағидаларын бөле отырып (жобаның
150
ғылыми, гигиеналық және технологиялық дәлелділігі), ол
қалыптасушы кеңістіктер мен көлемдердің
эстетикасын маңызды
деп санады.
Ле Корбюзье мен Райттың жазық төбелі үйдің еркін жоспарының
идеялары сәйкес келеді, бірақ олар әртүрлі жолмен іске асырылады
және түрлі эстетикалық нәтижеге әкеледі. Жоспарлау еркіндігін
қамтамасыз ету үшін Ле Корбюзье бағаналардың жүйелі торы-
мен қаңқа қолданды. Райт қаңқадан бас тартты, бірақ тік көтергіш
конструкциялардың орналасуын ғимараттың көлемді-жоспарлау
шешімімен байланыстыра отырып құрастыру еркіндігіне қол
жеткізді. «Сарқырама үстіндегі үйде» (Коннелсвилдегі Кауфман үйі,
1937 ж.) қолайлы ашық алаң үш деңгейде орнатылған, жан-жаққа
қарап тұр және шығыңқы жерлері де әртүрлі
(66-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: