Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет141/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.9.2. ХХ ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың 
соңындағы әлем елдерінің сәулеті
АҚШ-қа екінші дүниежүзілік соғыстың алдында көптеген 
еуропалық сәулетшілер: В. Гропиус, Л. Мис ван дер Роэ, Э. Мен-
дельзон, Э. Сааринен және басқалар келеді. Олар тек сәулеттік 
практикамен ғана емес, сонымен қатар кәсіби сәулет кадрларын 
дайындауда өздерінің шығармашылық шеберханаларын құрады. ХХ 
ғасырдың екінші жартысында қайтадан тұрақты позициялар функ-
ционализм мен рационализмге ие болады. Функционалистер жасаған 
тәртіп белгілеу жүйесінің арқасында жобалау үдерісі тұтынушыға 
құрылыс нысандарын, сәулеттің функционалдық және техникалық 
міндеттерін құзіретті шешуге кепілдік бере отырып заңға негізделді. 
Функционализм әдістерін қолдану соғыс кезеңінде зардап 
шеккен барлық елдерде екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 
бүліншілікті қалпына келтіруде маңызды фактор болып табылатын 
құрылыстың қарқынды жылдамдығына мүмкіндік туғызды.
Батыс Еуропа сәулетін Л. Мис ван дер Роэның «халықаралық» 
стилі анықтады. Оның жеңіл әйнекті немесе құрастырылған 
қоршау конструкциялары мен тасымалдаушы ішкі аражабындар-
мен қолданған металл қаңқасы әртүрлі ғимараттарды жобалауға 
мүмкіндік берді. Ғимарат кескінінің пропорционал ара қатынасымен, 
қаңқаны айқындаумен және конструкцияның жоғары эстетикалық 
сапасымен композиция мәнерлілігіне қол жетті.
Л. Мис ван дер Роэнің бағдарламалық жұмыстарының бірі 
Иллинойстағы Технологиялық институт ғимараты болды, 1957 
жылы оның көлемдерінің тамаша өңделген айқын сәйкестемелік 


152
қатынастары және болат қаңқасы мінсіз кірпіш қалауымен және 
үлкен тегіс шыны бетпен сай келеді. Л.Мис ван дер Роэ жобалары 
бойынша Нью-Йорктегі «Сигрем» фирмасының, 1958 ж., Чикагодағы 
сот, 1964 ж., Нью-Йорктегі БҰҰ Секретариат, 1961 ж. ғимараттары 
(Ле Корбюзье және О.Нимейермен бірге) және басқалар салынды. 
Л. Мис Ван дер Роэның жеке шығармашылық үлгісі және 
құрылыстың жалпы техникалық сипаты 1950-1960 жылдары әлемнің 
көптеген елдерінде «халықаралық» стильдің өз тартымдылығын 
сақтауына мүмкіндік туғызды.
1940 жылдың соңы – 1950 жылдың басында Волгоград, Гав-
ра, Варшава, Гданьск, Севастополь, Дрезден, Киев, Минск сияқты 
қираған қалалар мен басқа елдімекендерді жобалау және қалпына 
келтіру жұмыстары атқарылды. 1950 жылдар ортасынан бастап жап-
пай тұрғын үй құрылысын дамыту міндеті басым болады. 
Қалаларды қалпына келтіруде құрылыстың сәулеттік пішіндері 
әрқилы: Волгоградта (сәулетшісі В. Симбирцев) – неоклассицизм 
(«сталиндік ампир»), Гаврада (сәулетшісі О. Перре және басқалар) 
модернизм, Гданьскде (сәулетшісі Я. Боровский, З. Жулавский, 
В. Долинский) – қираған құрылыстың тарихи кескінін мұқият 
жаңғырту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет