157
Экспрессионизмнің ұзақ жолы қазіргі сәулеттің, әсіресе, жауап-
ты қала құрылыстық рөл атқаратын ірі жеке нысандарды жобалауда
мәнерлілікті арттыратын мүмкіндіктерді дәлелдеді. Неоэкспрессио-
низм көбінесе, функционализм жетістіктеріне сүйене отырып, оған
жекелеуші және эмоционалды негіз енгізді. Сонымен неоэкспрессио-
низм сәулетінде эстетикалық нәтижеге жету едәуір дәрежеде жаңа
техниканың айқын ерекшеліктерін шебер пайдалануға мүмкіндік
туғызды.
Структурализм – функционализм
немесе экспрессионализмге
қарағанда азырақ анықталған сәулетте көрінген көркемдік құбылыс.
1950-1960 жылдары қалыптасқан және
конструктивтік пішіннің
эстетикалануына негізделген структурализм ХХ ғ. сәулетшілігінде
1920 жылғы конструктивизм мен 1980-1990
жылдары хай-тек
арасындағы аралық кезеңді алып жатыр.
Көтергіш конструкциялар шешімі
кезінде техникалық және
эстетикалық міндеттерді кешенді шешудің классикалық үлгілері
болған П.-Л. Нерви жұмыстары Париждегі ЮНЕСКО имаратының
кешеніндегі конференцзалдар корпусы және Олимпийлік ойындарға
арнап 1957 жылы
(72-сурет)
салынған
Римдегі Кіші спорт залы
(сәулетшісі А. Вителлоцци) болып табылады.
1960-1970
жылдар аралығында көбінесе,
ірі фирмалар мен
корпорациялардың биік офистерінің
жобаларында іске асырылған
үлкен бизнес стилінің атауына ие болған структурализмнің өзгеше
тарамы қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: