Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет146/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

73-сурет


161
жеке құқықтарын қорғауға арналғандықтан әлеуметтік маңызды 
ғимарат (Еуропа Кеңесі 30-дан астам елді біріктіреді) – «монументті 
емес монумент жасау керек» деген меншікті идеологиялық 
бағдарламасын басшылыққа алды.
Хай-тектің өзгеше тарамын қасбет беттерінің жылтыр (көбінесе, 
шыны) жалтырақ стилі – «слик-тек» (мысалы, Париждегі Опера-Ба-
стиль ғимараты
74-сурет
).
Жаңа қисық сызықты жарық мөлдір конструкциялар 
сәулетшілердің ғимарат-шар жасаудағы армандарының іске асуына 
мүмкіндік берді. Оларды әртүрлі елдер мен қалаларда салады. Соның 
ішінде 80-90 жылдары Парижде Дефанс кешенінде және Ла Виллет 
саябағында ғимарат-шарлар салынды. Дегенмен, тегіс жалтырақ 
шыны беттің бейтараптылығы белгілі композициялық шектеулер жа-
сайды. Сондықтан 80-жылдардан бастап сәулетшілер композицияда 
жарық мөлдір элементтерді мөлдір емес элементтермен үйлестірудің 
әртүрлі нұсқаларын қолданады. Шыны ғимараттың «оранжереялық» 
тақырыбы соңғы жылдары Уником банк пен Жоғары халықаралық 
мектептің көгілдір кристаллы, Мәскеудегі Газпромның жасыл шыны 
«газгольдерінен» бастап Нью-Йорктегі Гудзон жағалауындағы 
қаржы орталығының шыны көк тіреген ғимараттары сияқты көптеген 
елдердің озық фирмалары мен банктерінің сәулетінде көрініс тапты.
1970 жылдардың соңында модернизмге деген қызығушылық 
қайта туады, ал сексенінші жылдары неомодернизм деген атаумен 
әлемдік сәулет аренасына қайта шығады. Неомодернизм туындыла-
ры ортаға қарсы тұрмайды, құрылыс контекстіне қарай ойластыры-
лып және табиғи байланыста кіреді. Өткен конструктивизм үлгілерін 
өзгерту негізінде неомодернизмнің алуан түрлілігі деконструкти-
визм, декон атауына ие болды.
Деконструктивизмнің дүниетанымдық платформасы ретінде 
қазіргі еуропалық сананың барлық пішіндерінің бейнелілігін 
сынаған қазіргі замандағы француз философы Жак Дерриданың 
қағидалары болып табылады.
Оның халықаралық конкурста жеңіске жеткен сәулетші Бер-
нар Чумидің Париждегі Ла Виллет саябағы (1983 ж., 
75-сурет
) бас 
жоспарының жобасына берген бағасы қызықты. Б.Чуми жобасын-
да саябақ жеңіл көбінесе, «фоли» – бір, екі қабатты павильондарға, 
композициясы орыс авангардының үлгілері мен тәсіл әрекеттеріне 
негізделген, ашық түстерге боялған металл имараттарға толы.


162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет