160
келген: Лондондағы Ричмонд-саябақ ау-
даны, Амстредамдағы Бикерзей-ленд,
Ростоктағы Университет алаңы және
Креплинерштрассе және басқаларды
жатқызуға болады.
Хай-тек – 1970 жылдары қалыптасқан
сәулеттегі эстетикалық ағым, техникалық
даму ықпалымен сәулет тілін тиімді
жаңартуды насихаттайтын техницизмнің
қазіргі модификациясы болып сана-
лады. Хай-тек – «жоғары технология-
лар» ғасырының, сәулеттегі ракета-
техникалық нысандардың, ірі қоғамдық
ғимараттардың символдық көрінісі. Хай-
тек 1920 жылы конструктивисттермен басталып, 1960 жылдары
структуралистермен жалғастырылған ХХ ғасырдағы соңғы кезең
болып табылады.
Хай-тек әйнекпен үйлесімде конструкцияны эстетикалық иге-
руге бағытталған. Сонымен қатар хай-тек ғимараттың сәулеттік
композициясына ауаарна, желдету шахталары, құбырлар сияқты
инженерлік жабдықтау элементтерін қамтиды.
Хай-текте көтергіш конструкциялар шешімінің ерекше белгісі
ашық қима элементтерінің орнына жабық қиманың шыбықты
элементтерін (дөңгелек немесе тікбұрышты қима құбырлары)
қолдану болды. Мысалы, оқпанды-тірек-аспалы конструктивтік
жүйеде 1982 жылы сәулетшілер В. және Б. Бетц салған Мюнхендегі
банк ғимараты композициясында тік көтергіш құбырлардың
композициялық рөлі.
Хай-тектің Помпиду атындағы париждік орталық пен
берлиндік конгресс-холлдан басталған екі тенденцияның күресі
кезінде ғимараттың сыртқы көлемінің қосалқы техникалық және
технологиялық аксессуарлармен әдейі күрделендірілуі және
имараттың жүйелі құрылым айқындығына әуестенуі дамиды.
90-жылдардың соңында хай-тектің екінші даму бағыты басым
болады.
Кейінгі хай-тектің айқын үлгісі 1997 жылы Р. Роджерс тұрғызған
Страсбургтегі адам құқығы бойынша Еуропалық сот ғимаратының
композициясы. Оны жобалай отырып, автор Еуропалық сот адамның
Достарыңызбен бөлісу: