156
ХХ ғасырдың 2-жартысындағы сәулеттің
шығармашылық ізденістері сәулетшілерден
әртүрлі стильдік бағыттарды қолдануын та-
лап етті.
1950-1970
жылдары
аға
буын
сәулетшілердегі (Ле
Корбюзье, Г. Шарун)
сияқты орта буын сәулетшілерінде де (Э.
Сааринен, О. Нимейер, И. Утцон) экспрес-
сионализмге деген қызығушылық пайда бо-
лады. 1950
жылдары бағыт неоэкспрессио-
низм деген атауды иеленеді.
Неоэкспрессионизмнің ең атақты туын-
дысы ретінде Ле Корбюзье жобасы бойын-
ша 1950-1955
жылдары салынған Роншане
қаласындағы (Франция) капелланы айтуға
болады.
Оның композициясы ертедегі
христиандардың алғашқы тұтасқұма үй-
лерінің (шатырлары) үлгілерімен келтірілген. Темірбетон баппен
иілген тақта жабын шатыр қалқа үлгісімен үйлестірілген,
жарық
ойықтарының орналастырылуы және пішіні жағынан кездейсоқ
көрінетін сыртқы қабырғаның жүйесіз
пішіні ғибадатхананың
мистикалық бағдарламасына жауап беретін иррационалды сыртқы
кескін мен ішкі кеңістікті жасауға мүмкіндік
туғызады
(70-сурет).
Неоэкспрессионизмнің айқын үлгілерінің бірі Сиднейдегі Опе-
ра театры (сәулетшісі Й. Утцон, 1956-1976 ж.,
71-сурет
) болып та-
былады.
Желкенді темірбетон қабықшамен биік платформада орналасқан
театр ғимараты желкенді еске түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: