Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет149/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

76-сурет
77-сурет
Ғасыр соңында қоғамдық ғимараттардың тағы бір түрі – аква 
саябақтар танымал бола бастады. Осыған дейін қалыптасқан 
таза спорттық ғимарат – жабық жүзу бассейнінен ерекшелігі – 
аква саябақ көп функционалды: ол спортпен шұғылдануға, көңіл 
көтеруге, ойнауға, білім алуға (су астындағы тіршілік жайлы ойын 
барысында білу, т.с.с) арналған. Аква саябақтарды ірі, сондай-
ақ шағын қалаларда да салады. Мысалы, Париждегі аква саябақ 
(Берси жағалауындағы) және Ла-Манша жағалауындағы Ла Турет 
қаласының аква саябағы. 
Тұрғын үй сәулетіне деген
 
көзқараста да айтарлықтай өзгерістер 
пайда болды. Көпқабатты үлкен тұрғын кешендердің орнын бір-
біріне жақын әрі төмен (2-4 қабат) орналасқан құрылыстар басты, 
ал еркін жобаланған құрылыстар – тұйықталған немесе жартылай 
тұйықталған аула кеңістіктерімен алмасты. Құрылыстың сырт кел-
беті мен пішіні де өзгерді: тегіс шатырлар еңістерге, бөлік терезелер-
тұйықтарына, ал біртүсті қарапайым сәулет – түрлі түстімен ауысты.


166
ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы сәулет – көп стилді. 
Заманауи сәулет өнерінде неомодернизм, неоэкспрессионизм, пост-
модернизм, хай-тек, декон, т.с.с бағыттар бірге жасасып келеді. Ара-
сында басым қолданылатыны – неодернизм және регионализм.
Берлиннің бірігуі және Германияның жаңа саяси орталығының 
қалыптасуы түрлі дипломатиялық резиденциялар мен жаңа әкім-
шілік ғимараттардың салынуын талап етті. Тиргартен саябағының 
оңтүстік шекарасын бойлай орналасқан жаңа құрылыстар өздерінің 
еркін пішіндерімен ерекшеленеді. Ұлттық сәулет дәстүрлерінің да-
муы Мексика мен Скандинавия елдерінің елшілік ғимараттарында 
байқалады (сәулетші Ф.Серрано). Үнді елшілігінің ғимаратында 
табиғи материалдарды қолданудағы өзгешелік сезіледі. Олардың 
имараттарындағы өзіндік ерекшелік қоршаған ортамен байланыстың 
болуында – ХХІ ғасырдағы заманауи сәулеттің басты қағидаларының 
бірі де соны көздейді. 
Ғасыр соңындағы орыс сәулетінің бейнесінен, орыстың алдыңғы 
қатарлы жобаларынан шабыт алған шешімдерді кездестіруге бо-
лады және оны жүзеге асыру үшін, қазір де қажет техникалық 
база қалыптасқан. Мәскеудегі сәулетші К. Мельниковтың Русаков 
атындағы клубының көлемді-кеңістіктік шешімі П. Рудольфтың 
«Мінсіз театр» жобасында анық байқалады. Сәулетші Й. Пеяның 
(1983-1993ж.) Париждегі Лувр ауласындағы шыны пирамидалары, 
сәулетшісі И. Леонидова (1930 ж.) мәдениет сарайындағы пирами-
даларды еске салады. Биік шаршымен көмкерілген және ғимаратта 
тікбұрышты дарбазамен ойылып жасалған – Дефанс дарбазасы 
(сәулетшісі И. О. фон Шпрекельсон және П. Андре 1984-1989 ж.) 
Эль Лисицкидің «көлденең көк тіреген үйімен» сәйкес келеді.
ХХ ғасыр сәулетіндегі ерекшеліктерге ондағы жаһандықты, 
көркемдік бағыттардың тез өзгеруін (және олардың екі-үш 
онжылдықтан кейін қайта айналып оралатындығын) және 
құрылыстың теңдессіз көптігін жатқызуға болады. 
ХХ ғасыр соңы жаңа құрылыстық құрылымдық және қаптама 
материалдармен «жоғары технологиялар»: алюминий құйындылар-
ды ойлап табу, полимерлер, жарықөткізгіш материалдардың 
түрленуімен белгілі. Осы жаңалықтардың негізінде ХХ ғасырда 
салмақ түсетін және бөлуге арналған конструкциялардың жаңа 
түрлері жедел дами бастады. Олар әлеуметтік дамудан туындаған та-
лаптардан шығуға: экономикалық тиімділігі жоғары кең және биік, 


167
жеңіл, әртүрлі, мобильді ішкі және сыртқы бөлуге арналған кон-
струкцияларды жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бұл, алғашында 
таза техникалық тұрғыдағы белгілі болған жетістіктер, шын мәнінде, 
жинақтала келе ХХ ғасырдың сәулет өнеріндегі жаңа сәулет түрлері 
мен бейнелерін қалыптастыруға ықпал етті.
Рейхстаг күмбезін қайта жасау символикалық мәнге ие болды. 
Н. Фостер күмбездің ашық металл конструкциясының ішін айнамен 
қаптауды ұсынды. Айнадан шағылысқан жарық жиналыс бөлмесіне 
төбедегі дөңгелек шыны арқылы түсуі тиіс. 
Заманауи құрылыс техникасының көпқырлы мүмкіндіктері тек-
тоника принциптеріне еркін қарауға мүмкіндік беріп, тектоникалық 
имараттарды жобалауға немесе тектоникалық элементтерді 
символикалық түрде көрсетуге мүмкіндік береді (мысалы, Ла-
Виллет саябағындағы шар-ғимараттар). Батыс Еуропадағы замана-
уи құрылыс тәжірибесі шыныны қабырғалы бөлік құрылымдары 
ретінде қолдануда деген көзқарасты кеңейтті. Мәселен, Берлиндегі 
Peek Cloppenburg сауда орталығында кіреберіс қабырғасының беткі 
жағы толқын тәрізді болып келеді. 
Әлеуметтік жағдайдың ерекшеліктері мен қоғам дамуының 
кезеңдеріне қарамастан, туындаған көркемдік ағымдар санаулы 
жылдардың ішінде барлық әлемді Америка мен Еуропадан Азия 
мен Австралияға дейін жаулап, сондай ақ екпінді және жаһанды 
түрде жаңа көркемдік бағыттармен алмасады. Заманауи техникалық 
құралдар сәулет түрлерінің тілін «қайта құруға» қарқынды түрде 
жол береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет