175
Княздықты бекіте түсу үшін Юрий
Долгорукий қамалдар мен
ғибадатханалар сала бастады. Олар шабуылдар кезінде бекіністердің
де міндетін атқарды. Өз астанасының беделін арттырып, Киевтен
жақсы ету үшін, қолынан келгенін жасады. Киев үлгісі
бойынша
кіреберісті Алтын қақпа деп атады (1164 ж.). Андрей Боголюбский
басқарған кезде қала айтарлықтай кеңіп,
дуалдармен қоршалып
бекітілді.
Владимир-Суздаль княздығы құрылысында жұмсақ әк тасы қол-
данылды. Беткі жағы мұқият ойылып жасалған үлкен кірпіштерден
қаланды. Ішкі жағы әк балшықпен араластырылып сындырылған
тастармен толтырылды. Ерте кездегі ғибадатханалардың: дөңгелен-
ген жиектерге жалғасқан
жалпақ жауырындық қабырғалары,
жіңішке терезе ойықтары, күрделі емес кіреберістері қарапайым ой-
ластырылды. Қатардоғалы белдеулер жоғарғы жұқа қабырғалардың
деңгейлерін белгілеп тұрды. Барабандар әртүрлі пішіндермен
өрнектелді.
Орыс князьдары мен патшаларын
ұлықтау рәсімі өткізілген
Владимирдың басты ғибадатханасы Успен соборы болды.
Достарыңызбен бөлісу: