Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет158/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Успен соборы (1156-1160 ж.)
Алғашында ғибадатхана Клязма өзенінің биік жағасында салы-
нып, бір басты, үшастаукеңістікті, күмбездері мен күмбез барабан-
дарын ұстап тұратын алты төрттаған бағанды болды. 
25 жыл өткен соң, 1185 жылғы өрттен кейін, Всеволод ІІІ кезінде 
собор үш жағынан қосымша астаукеңістіктермен және притвормен 
салынды. Бұрынғы қабырға мен жаңадан тұрғызылғанының ара-
сында галерея пайда болып, кейінірек қабір ретінде қолданылды (ол 
жерде А. Боголюбский, Всеволод ІІІ жерленген). 
Құрылыстан кейін Русьтің негізгі соборы ұлғайып, көрнекі 
болды 
(82-сурет).
Үлкен болып жалғасып жатқан кіреберіс 
салтанаттылық пен ұлылықты байқатып тұрды. Көкке ұмтылған ақ 
тасты қабырғалар аркалы белдеулермен көмкерілді. Биік жіңішке 
терезелердің үстіндегі қабырғаларға мүсінді безендірулер қойылды. 
Ғибадатхананың кіреберісіндегі ойылған тастардың бірі (арыстан 
бетбейнесі – маскарон) қорық-мұражайда сақтаулы. 
Шежірелерден белгілі болғандай ғибадатхананы өңдеуде ал-
тын кеңінен қолданылған. Ғибадатхана күмбезбастарында, үстінде 


176
желбағарлар мен кубоктар орналасқан жиектердің жұқа өрнектерінде 
мыспен босағалар мен арка бағандарының белдеулері қапталды. 
Ғибадатхананың ішкі көрінісі де сәнді болды. Соборда Влади-
мир атауына ие болған, византиялық әдіспен жазылған Құдай ана 
иконасы тұрды. Ол ерекше көркемдік беделге ие болды (аңыздар 
бойынша икона Әулие Құдай ананың көзі тірісінде евангелист 
Луканың қолымен салынған). Икона Русьтің барлық жерінде қасиетті 
деп саналды. Соборда әр дәуірдің кезінде салынған өрнектердің 
қалдықтары сақтаулы. Ерекше бағалы саналатындарының бірі – 
XV ғасырда А.Рублев бастаған шеберлердің салған өрнектері. Осы 
уақытта балшықпен сыланбаған ақ тасты кіреберіс, ойылған таспен 
безендірілген. 
Ежелгі орыс сәулет өнерінің бұл классикалық туындысы 
кейінірек Мәскеудегі Успен соборын салуда үлгі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет