Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет159/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

82-сурет
83-сурет
Нерлидегі Покров шіркеуі (1165 ж.)
Боголюбовқа жақын жерде, суармалы шалғынның арасында, 
әлем өнерінің тарихына сәулеттің мінсіз бір түрі ретінде енген По-
кров ғибадатханасы тұр 
(83-сурет).
Шіркеу барлық жағынан мінсіз 
сәйкестігі, тазалығы мен кескіннінің айқындығымен таңғалдырады. 
Шіркеу 1165 жылы князь А. Боголюбскийдің қалауы бойынша 
Нерли мен Клязма өзендерінің тоғысқан жерінде маңызды сауда 
және әскер жолында салынды. 


177
Болжам бойынша ғибадатхана:
• 
1164 ж. Владимир полкінің бұлғарларға қарсы жасаған 
жорығы құрметіне тұрғызылды.
• 
Киевтің келісімінсіз князь енгізген Покров Құдайана мерекесі 
құрметіне салынды. Ол әулиенің ерекше жебеушілігін 
білдірді. 
• 
Жорықта қаза болған князь Андрейдің ұлы – Изяславқа ар-
налды. 
Ғибадатхананы тұрғызу үшін таңдалған орын құрылысқа жа-
рамсыз болды. Өйткені су 3,5 метрге көтеріліп, ғибадатхананың 
іргесіне дейін жетті. 
Ғибадатхана іргетасы 1,6 м тереңдіктен бастап жұмыр таспен 
қаланып, қатты сазға барып тіреледі. Іргетастың үстіңгі бөлігі биіктігі 
3,7 метрге дейін жонылған тастан салынды. Ол қабырғаның сырты-
нан жасанды дөңмен қоршалып нығыздалды, яғни ғибадатхананың 
негізі 5,3 м тереңдікте жатыр. Суды бұрып жіберу үшін ішкі жағынан 
тас астаулар салынды. 
Шіркеу мұқият өңделген ақ тастардан салынған. Жобасы өте 
дәл және үйлесімді. Күмбезді ұстап тұрған негізгі бағандар төрт 
бұрышты емес, төрттағанды, сондықтан өте кескінді болып көрінеді. 
Кіреберістері романтикалық бетше босағалармен безендірілген, те-
резелер кемерленген пішінде жасалып, сыртқа ашылып тұрғандай 
көрінеді, оған қоса қабырғаның қалыңдығы мен мықтылығын 
байқатады. 
Биік қабырғаның ортасында әсем жіңішке бағандардан тұратын 
қатардоғалы белдеме жүргізілген, ол қабырғадан шығып тұрған 
бетперде түріндегі аспалармен жалғасады. Қабырғаның сыртқы 
жақтарының әрбір беті тігінен жіңішке 3 жартыбағаналармен 
бөлініп, үсті әдемі әсембағандармен аяқталады. Қабырғалардың 
жиектермен аяқталуы жартышеңбер күмбездердің кескінін 
қайталайды. Композициясы тік, алтын жалатылған күмбезге қарай, 
биікке ұмтылу байқалады. Күмбездің астындағы барабанның сәндік 
безендірілуі тізбектелген үшбұрышты тістер тәріздес оюлы белдеу- 
лерден құралған. Олар ілінген кесте немесе жартышеңбер кокош-
никтерден тұратын белдеуге ұқсайды. Терезелер мен барабандар 
жіңішке жартыбағандардағы қатардоғалармен әдіптелген.
Сәндеу жүйесінде дәстүрлі орыс және роман стилінің кейбір 
элементтері – ғимараттың ортасындағы қатардоғалы белдеу, 


178
перспективті бетше босаға үйлеседі. Шығыс сарыны да байқалады 
– тастағы бедерлер, Руьспен сауда және мәдени байланыста болған 
Армения бедерлеріне ұқсас. Қайталанып тұрған арка элементтері 
ғимаратқа жан бітіргендей әсер береді. Ғимараттың мүсінді 
безендірулері көп емес, бірақ жиектердің жартышеңберінде кере-
меттей дәл орналасып, тек ортасында төмен қарай түседі. Мұнда 
дева Марияның атын шығарған Давид патша бейнесі бар компози-
ция элементтері қайталанады. 1954 жылы археологиялық қазбалар 
кезінде шіркеуді 2,5 м қашықтықта қоршап тұрған, сақталмай қалған
аркалы шарбақтардың галереялардың іргетастары табылған. 1803 
жылы дулыға тәрізді бастарды садақ пішінділер алмастырды, 
тағы жартығасыр өткен соң ғибадатхананаң солтүстік жағынан 
қоңырауханасы бар кірпіш қақпалар салынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет