86-сурет 87-сурет Ішкі безендіруде төртбағаннан күмбез астындағы дөңгелек
барабанға ауысуда, сатылы аркалар қолданылған. Көлемді Псков
сәулеті дәстүрлі халықтық әдістерге өте жақын тұрды. XVIII
ғасырдың соңына дейін барлық орыс қалаларының сәулеті барок-
ко әсеріне мойынсынып жатқанда, Псков бірқатар қалалармен
салыстырғанда өзінің көне сәулет дәстүрлерін сақтап қалды.
Новгород мектебіне тән сәулет белгілер •
Сәулеттің дамуы XIII-XIV ғасырларға жатады.
•
Басқа княздықтардан тысқары, дәстүрлердің өзгеше дамуы,
кейінірек Русьтің бытыраңқылығының сақталуына әсерін
тигізді.
•
Готика әсері: биік екі еңісті шатырлар, шошайған күмбездер,
ғимараттардың ішін кеңейтуге ұмтылу.
•
«Солтүстіктік»
ішкі
және
сыртқы
бейнесіндегі
қарапайымдылық.
•
Дәстүрлі халықтық әдістерді қолдану: тасты қашап өрнектеуде
орыс ағаш ұсталарының элементерінің болуы, т.б.
•
Құрылыста қолданылатын жергілікті тастар дөрекі
болғандықтан, барлық имарат балшықпен сыланып, ақталды.
186
•
Имарат көлемінің шағын болуы.
•
Жабулардың жаңа құрылымдық түрлерін жасау; қабыр-
ғалардың үшжолақты және маңдайша қабырғамен аяқталуы,
жиектердің болмауы.