84-сурет 85-сурет Төрттаған-күмбезді ғибадатхананның византиялық типтегі
шығармашылық жаңашылдығы бұрынғыларына ұқсамайтын жаңа
сәулеттік композицияға жол ашты.
Ғибатхана өзінің сәндік безендірулері арқылы француз
романтикалық шіркеулерінің апсидаларын еске салатын, үлкен
жалпы апсидаға ие. Ғибадатхананың басы, ғимараттың жалпы
кескінімен келісті болып көрінеді. Шіркеу басының барабандары
өзгеше қатар доғалы белдеумен және «мережкамен» сәнделген.
Барабан терезелерінің үстінде шағын аркалар қолданылған.
Кіреберістерінде қарапайым безендірулер қолданылған. Ішкі
безендірулерінде XIV ғасырдағы суреттер сақталған.