Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Новгород княздығының сәулет мектебі



Pdf көрінісі
бет162/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Новгород княздығының сәулет мектебі
Солтүстік Еуропада халықаралық сауданың ірі орталығы бола 
тұра, Новгород дамуда Киевтен қалыспай ХІІ ғасырдың өзінде 300 
гектар жерді алып жатты. Қала шеңбер тәрізді құмтастан құйылған 
қабырғамен қоршалды (Волхов өзенінің екі жағынан да). А. Ар-
циховский жүргізген археологиялық қазбалар кезінде әйгілі ағаш 
қабықтарына жазылған жазба хаттардан бөлек, бөренелі көпірлерден 
тұратын көшелер, жақсы сақталған ағаш су құбырлары да бар.
1237-1240 жылдары моңғол-татар шапқыншылығы кезінде 
көптеген орыс қалалары ағаштан салынғандықтан өртеніп кетті. 
Владимир мен Киев те жойылды. 
Қалың ормандар мен батпақтармен жабылған Новгород жеріне 
көшпенділердің атты әскерлері өте алмайтын болғандықтан, қала 
сақталып қалды. 
Сондықтан ХІІ ғасыр мен XV ғасыр басында тек Новгород 
пен Псков орыс сәулетінің маңызды орталықтарын сақтап қалды. 
Тек осы жерде монументті сәулет дамыды. Новгородтың қоғамдық 
өмірдегі сипаты және оның орыс мәдениетін жалғыз алып жүруі 
княздық сәулетіне де ықпалын тигізді. 
Новгород бөлінгеннен кейін Русьта ірі соборларды салған 
жоқ, соборлардың безендірулері қатаң болды. Моңғол-татар 
шапқыншылығы кезінде орданың отаршылдығы Новгородқа жет-
кен жоқ, алайда, солтүстіктен оларға ливон орденінің әскері қауіп 
төндірді. Соныдықтан имараттар бекініс етіп салынды. ХІІ ғасырдағы 
Новгород имараттарына ықшамдылық, монументтілік және аса 
қарапайымдылық тән. Осы кезеңдегі новгородтық шіркеулердің 
біріне Нередицадағы Спас шіркеуі жатады.


181


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет