184
үйлер кешені жақсы сақталды. Ол – Яковлев, Лапин, саудагер
Поганкиндердің үйлері.
Поганкин палаталары сол уақыттағы басқа тұрғын үйлер сияқты
сырт жақтары қатпарлы сұр тақтатастардан қаланды.
Сондықтан
кейінірек қабырғалар сылақ жағылып, ақталды. Шаруашылық
мақсатта қолданылатын бөлік үстінде 1-2 тас немесе ағаш тұрғын
қабаттар салынды. Үстінде жазғы тұрғын бөлме – «терем»
тұрғызылды.
Псков сәулет өнерінің айрықша ерекшелігі, азаматтық және діни
құрылыстарда кіреберістер өте қарапайым безендірілді. Псковтағы
шіркеулер
көлемі шағын етіп салынып, қарапайым әрі «жайлы»
болды. Бұл қала көлемінің кіші болуымен, оған қоса құрылысқа
қаржының жетіспеушілігімен байланысты еді.
Псков шіркеулерінің қабырғалары мен барабандарының төменгі
жақтары өте кең етіп салынды. Негізінен Псков шіркеулерінің басты
бөлігі биік шаруашылық бөліктің үстіне тұрғызылды. Кіреберістеріне
үлкен бағандары бар кең алаңқайлар құрылды.
Псков сәулетінің тағы бір айырмашылығы
- ішкі безендіруде
дөңгелек формадағы бағаналардың қолданылуы. Бұл әдіс бөлме ішін
кең етіп көрсетеді. Кейінірек осы тәсіл ежелгі Мәскеу сәулет өнерінде
қолданылды. Шағын ғибадатханаларда сатылай-жабылатын аркалар
енгізіліп, күмбез астында тіреулер мүлдем қолданылмайтын болды
(Никола Каменноградский шіркеуі). Қабырғадан барабанға ауысу
өтпетоғыстар немесе сатылы түрде болды. Алайда соңғы әдіс көп
тарала қоймады.
Ертедегі Псков діни сәулетінің мысалы Мирожский монас-
тырының Қайта өзгертілген соборы, Успен шіркеуі, Воскресен со-
боры
(86-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: