187
йынша жолдар, үйлердің қабырғалары да солай салынды. Мәскеудің
ағаш шіркеулері: Қарағайлы орманындағы Спас, айырбақан Нико-
ла, Қарағай түбінде тұрғызылған өте қарапайым аттарға ие болды.
Олардың безендіруінде қорғасынмен
ұстатылған слюда терезелер
қолданылды, жанып тұрған көп майшамдар мәскеулік өрттердің өте
көп орын алуына себеп болды.
Мәскеуде ХІІ ғасырда басталған тас құрылыстарда жеңіл
өңделетін әк тасының рөлі маңызды болды.
Дмитрий Донской
кезінде Кремльдің ағаш қабырғалары ақ тастарға ауыстырылды. Тас-
тан маңыздылығы жоғары азаматтық және діни құрылыстар салына
бастады, тастан ғимараттың сәулеттік бөліктері жасалды: колонна-
лар, оюлап қашалған элементтер, оймабедерлер. Кейінірек ақ тастар
қызыл кірпіштермен араласып қолданылып, қабырғалардың өн бо-
йынан қайталанбас орыс сәулет өнерінің ерекшелігін байқатты.
Ерте мәскеулік тас сәулет өнерінде көптеген орыс қалаларындағы
тас құрылысының тәсілдері қолданылған. Владимир мектебінен
ақ
тастан қалау, перспективалық бетше босағаларды сәнді етіп
безендіру, Новгородтық және Псковтық мектептерден – сатылы ар-
каларлармен жабу конструкциясы және қиғаш орналасқан күмбездер
алынды. Басқа да сәулет мектептерінің әсері болды.
XV ғасыр соңына қарай Мәскеу княздығы орталықтандырылған
мемлекет атанды. Оның астанасы Мәскеу болды. Сәулетте бо-
йында түрлі дәстүрлерді үйлестіріп
және қайта өңдеген жалпы
мемлекеттік бірегей стиль қалыптасты. Ерте Мәскеу сәулет үлгісіне:
қалашықтағы Успен соборы, Троица-Сергиев Лаврдағы Троица, Ан-
дроников монастырының Спас соборы сияқты имараттар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: