Мәскеудегі Андроников монастырының Спас соборы(1390-1410-1427 ж.) Владимир-Суздаль княздығында тап осындай собор жос-
пары бұрын-соңды болмаған. Собордың
(90-сурет) жал доға
кокошниктері мен әдемі бетше босағасы бар. Жиектер қабырғадағы
жартышеңберлі бағаналармен бөлініп тұрады. Алғаш рет соборда
биік шығыңқы ірге қолданылды. Ғимараттың сыртын сәнді ету-
ге деген талпыныс, пішінінің күрделі болуына әкеліп соқтырды.
Ғибадатхананы бірнеше қатар жал доға аркалармен аяқтауға және
бүйірдегі жиектерді төмендетуге тура келді.
Жалпы ғибадатхана әшекейі өте ұстамды және тек барабанда
ғана қолданылған. Собор А. Рублев суреттерімен әйгілі.