91-сурет
Бөренелердің бір-біріне толық айқасып жатуы үшін, әрқайсына
ұзына бойы ойықтар жасалды. Ал бөренелердің басқы немесе соңғы
жағында ағаштың бастары байланып тұруы үшін «тостағандар»
ойылды. Үйлердің шатырлары көбіне сәурік конструкцияда бол-
ды.
(92-сурет).
Ол әдіс әлі күнге Ресейде қолданылады. Бұл жабу
әдісінің мәні, үйдің маңдайларын түйістіретін бөренелердің арасы
ұзын төбе сырғауылдарымен қосылады. Оның екі жағы да тігінен
жарылған жұқа тақтайлармен жабылады. Бұл шатырдың жабыны
рөлін атқарады. Жұқа жабын тақтайлардың жоғарғы жағы, ауыр
бөренемен бастырылады. Ал төменгі жағына ұзына бойы ойылған
ағашқа келіп тіреліп, бойымен жиналған су ағатын етіп бекітіледі.
Суағарларды, жіңішке қарағайлардан жонылған ілгектер – айырбақан
бейнесіндегі ағаштар ұстап тұрады: оларда көбіне тік бұрышты етіп
өсіп, дайын ілгек болып тұратын тамырлар кездеседі. Егер шатыр
көбірек шығыңқы болса, онда 3-4 бөренеден кесінді жалғанған
жықпа – тіреуіш жасалды.
Шіркеулер мен кішкентай шіркеулердің пішіні сәнді болып
келді. Көп кездесетін көрнекі мойнақ (мойнақ – шіркеу басын ұстап
тұратын бітеу барабан) бар шатырлы және садақ тәрізді бастардан
бөлек, «төрттаған кеспек» сынды элементтер де қолданылды.
Шіркеу басын, мойнақ, кеспек пен кокошниктерді жабу үшін
ағаш жабындар – кертпеш тақтайша қолданылды.
192
Достарыңызбен бөлісу: |