195
қолтаңбасымен қатар жергілікті сәулет дәстүрлерін де енгізуге
ұмтылды.
Владимир сәулетімен тығыз байланысты ерте мәскеулік сәулет
те қатар дами бастады. Оның сипаттық ерекшеліктеріне: құрылыс
пішінінің келісті, жоспарлары қарапайым, 4 бағанды, пішіні шаршыға
көп ұқсас жалғыз басты, әдетте, 3 апсидалы, бетше босағалар мен
жиектері жал доға тәрізділері жатты.
Халықтық сәндік өнер мен иконажазу
жоғары даму деңгейіне
жетеді.
Орталықтандырылған Орыс мемлекетін құру үдерісінің аяқталу
кезеңінде Иван ІІІ және Василий ІІІ-нің Мәскеу Кремлін түбегейлі
қайта құруды қолға алуы, орыс сәулетіне айтарлықтай ілгерлеушілік
әкелді.
Кремльді қайта құру жұмыстары XV ғасырдың 70-жылдарынан
басталды.
•
Кремльдің алғашқы ағаш қабырғалары 1156 жылы салынды.
•
Иван Калита кезінде 1339-1340 жылдары Кремль шекарасы
айтарлықтай кеңіді және қабырғалары емен бөренелерден са-
лынды. Олар өрт кезінде жанып кетті.
•
1367-1368 жылдары Иван Калитаның немересі – князь
Дмитрий Иванович (Донской) кезінде, Кремльдің бірнеше
мұнарасы мен ақ тасты қабырғалары тұрғызылды. 1464-1466
жылдары сәулетші – Ермолин қабырғаларының біраз бөлігін
жаңартты. Алайда, олар бізге дейін жеткен жоқ. Өйткені олар
әк тастан салынды, іргетасының жартысы мен ішінің таспен
толтырылған бөліктері ғана қалды.
•
Иван ІІІ кезінде діни және азаматтық имараттар құрылысымен
қатар Кремльдің қабырғалары мен мұнараларын үшінші рет
жаңарту жүргізілді. Ол қазіргі кезге дейін жетті.
(94-сурет).
Кремльдің ақ тастан қаланған іргесі бар кірпіш қабырғалардың
ішінде, жұмыр тастар, тас сынықтары әк тас қосылған балшықпен
араластырылып құйылып, үстіне ұрыс
алаңы бар ішкі жағы бітеу
доғатізбек болды. Қабырғаның аяқталар тұстарында екі дөңесті
кертіктер – «қарлығаш құйыршығы» салынды. Кертіктерсіз
қабырғаның биіктігі 5 м-ден бастап 17 м-ге дейін, қалыңдығы – 3
м-ден бастап 6 м-ге дейін жетті.
Алдыға шығыңқы орналасқан
мұнаралар қабырғаларды бақылады: қай жерде қауіп көп, сол жерде
мұнаралар жиі тұрғызылды.