179
Оның негізі Нерлидегі Покров соборындағыдай 4 бағанды
біркүмбезді түрде болды. Бірақ та оның барлық үйлесімдігі тіптен,
басқаша: ол кеңірек салынғандықтан биікке ұмтылып тұрғандай әсер
қалдырмайды. Сәнделуі бұрынғы ғибадатханаларға ұқсас, алайда,
олардан әлдеқайда әдемі.
Барлық
қабырғаның жоғарғы жағы, жиектер, тіпті, терезелер
арасындағы барабан жабулары інжіл желісі бойынша және ертегілік
сипаттағы көптеген мүсіндік бедерлерге толы. Қабырғаны жа-
уып күрделі композицияны қалыптастырып тұрған арыстан, барыс,
ғажайып құстар, таңғалдыратын оюларды ұзақ уақыт тамашалауға
болады. Үш бірдей ғимаратттың
сыртқы қабырғаларында аң-
құстардың арасында інжіл патшасы саз аспабын ұстаған (гусли)
Давид орналасқан. Оңтүстік жағындағы бірінші терезенің үстіндегі
бедерлер тобы «Александр Македонскийді көкке көтеру» компози-
циясын қалыптастырып, жоғарғы биліктің символы ретінде түсінік
берген. Солтүстік бетінде Всеволод ІІІ-нің ұлдарының ортасын-
да отырған мүсінді бейнесі бекер орналастырылмаған. Гераклдың
ерліктері жайындағы суреттер де өте қызықты.
Собордың ішінде ХІІ ғасырдағы «Қорқынышты сот» атты
қабырға суреттерінің қалдықтары сақталған.
Ғибадатхана
көлемділігімен,
жайлы
үйлесімділігімен
ерекшеленеді. Барлық «романдық» сәнді бөлшектер толық дамиды:
кіреберістердің жартыбағандары кең жауырындық қабырғалармен
имараттың тік ырғағын айқындай түсіп,
жіңішке терезелерді
көмкерген күмбез барабанының жіңішке бағаналарымен жалғасады.
Алайда, тік ырғақ жиектердің жатық доғаларымен, күмбездің ауыр
дулығасымен және қатар доғалы белдеумен аяқталады.
Сипаты бойынша ол «жеке» (Покров сынды) емес «сарай»
ғибадатханасы.
Ұзақ болмаса да (80 жылдай), Владимир-Суздаль княздығындағы
әлем сәулет өнеріндегі ғажайып ескерткіштерді жасаған сәулеттің
дамуын, моңғол-татар шапқыншылығы үзіп жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: