Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет160/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Шіркеуге тән белгілер:
• 
бір күмбез;
• 
Византия, армян, роман және орыс дәстүрлерінің үйлесуі;
• 
таста орыстың тоқыма және ағашты ою элементтерінің бай-
қалуы;
• 
ғибадатхананың төменгі жағының кеңеюі;
• 
пішінінің қарапайымдылығы;
• 
жоғарыға қарай бағытталуы;
• 
жіңішке терзелер;
• 
үлкен кеңістіктің біртұтас етіп бірігуі.
Владимирдағы Дмитриев соборы (1194-1197 ж.)
Князь Всеволодтың Үлкен Ұя бұрынғы сарай ғибадатханасы 
– Владимирдағы Дмитрев соборы, ертегідегідей оюлануымен 
ерекшеленеді. Оны құру кезінде Владимир-Суздаль сәулет өнері 
өзінің дамуының бесінші онжылдығына аяқ басты. Ол Ю. Долго-
рукий кезінде салынған барлық сәндеуден ада құрылыстардан, А. 
Боголюбский уақытындағы талғампаз сәнді ғибадатханаларға және 
Всеволод кезеңіндегі салтанатты патшалық сәулетке дейінгі жолды 
жүріп өтті.
Дмитрев соборы патша мен оның державасының даңқын 
шығару мақсатында қызмет жасап, ұлы княздық сарай ансамблінің 
құрамына кірді. 


179
Оның негізі Нерлидегі Покров соборындағыдай 4 бағанды 
біркүмбезді түрде болды. Бірақ та оның барлық үйлесімдігі тіптен, 
басқаша: ол кеңірек салынғандықтан биікке ұмтылып тұрғандай әсер 
қалдырмайды. Сәнделуі бұрынғы ғибадатханаларға ұқсас, алайда, 
олардан әлдеқайда әдемі.
Барлық қабырғаның жоғарғы жағы, жиектер, тіпті, терезелер 
арасындағы барабан жабулары інжіл желісі бойынша және ертегілік 
сипаттағы көптеген мүсіндік бедерлерге толы. Қабырғаны жа- 
уып күрделі композицияны қалыптастырып тұрған арыстан, барыс, 
ғажайып құстар, таңғалдыратын оюларды ұзақ уақыт тамашалауға 
болады. Үш бірдей ғимаратттың сыртқы қабырғаларында аң-
құстардың арасында інжіл патшасы саз аспабын ұстаған (гусли) 
Давид орналасқан. Оңтүстік жағындағы бірінші терезенің үстіндегі 
бедерлер тобы «Александр Македонскийді көкке көтеру» компози-
циясын қалыптастырып, жоғарғы биліктің символы ретінде түсінік 
берген. Солтүстік бетінде Всеволод ІІІ-нің ұлдарының ортасын-
да отырған мүсінді бейнесі бекер орналастырылмаған. Гераклдың 
ерліктері жайындағы суреттер де өте қызықты. 
Собордың ішінде ХІІ ғасырдағы «Қорқынышты сот» атты 
қабырға суреттерінің қалдықтары сақталған.
Ғибадатхана 
көлемділігімен, 
жайлы 
үйлесімділігімен 
ерекшеленеді. Барлық «романдық» сәнді бөлшектер толық дамиды: 
кіреберістердің жартыбағандары кең жауырындық қабырғалармен 
имараттың тік ырғағын айқындай түсіп, жіңішке терезелерді 
көмкерген күмбез барабанының жіңішке бағаналарымен жалғасады. 
Алайда, тік ырғақ жиектердің жатық доғаларымен, күмбездің ауыр 
дулығасымен және қатар доғалы белдеумен аяқталады.
Сипаты бойынша ол «жеке» (Покров сынды) емес «сарай» 
ғибадатханасы. 
Ұзақ болмаса да (80 жылдай), Владимир-Суздаль княздығындағы 
әлем сәулет өнеріндегі ғажайып ескерткіштерді жасаған сәулеттің 
дамуын, моңғол-татар шапқыншылығы үзіп жіберді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет