Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Нередицадағы Спас шіркеуі (1198 ж.)



Pdf көрінісі
бет163/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Нередицадағы Спас шіркеуі (1198 ж.)
Бұл төртбағаналы біркүмбезді шіркеу 
(84-сурет)
үйлесім-
ділігімен, қарапайымдылығымен және ықшамдылығымен ерек-
шеленеді. Шіркеудің төмен жағы өте кең болып салынуы, имаратқа 
ерекше жүйелі құрылымдық мықтылық береді. 
Жергілікті тастардан қаланып, кірпіш қабаттардың сыр-
тынан қалың сылақ жасалған шіркеу геометриялық пішіні мен 
сыртының әдемілігімен таңғалдырады. Әктен жасалған сылақ 
құрамына үгітілген кірпіштің қосылуы құрылысқа «жылы» рең 
береді. Шіркеудің кіреберістері үш бөлікке шығыңқы жауырын-
дармен бөлініп, жартышеңбер жиектермен тұйықталды. Шіркеудің 
бүйірлеріндегі апсидалары төмен және аздап шығыңқы келген.
Шіркеудің ішкі көрінісі, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ба-
сым бөлігі жойылып кеткен көне қабырға суреттерімен танымал 
болған. Олардың бір бөлігін орыс шеберлерінің қалпына келтіруі
шын мәнінде әлемдік қайта жаңғырту кереметіне айналды.
XIV – XV ғасырда Новгород өзінің даму кезеңіне жетеді. 
Құрылыстарды қала қаржысына, бай қала тұрғындары мен кірістен 
түскен ақшаға цехтық ұйымдар жүргізе бастайды. Мысал ретінде 
мына Параскева Пятница (1207 ж.), Липнадағы Никол (1292 ж.), Фе-
дор Стратилат (1361 ж.), Волосовой көшесіндегі Власия (1365 ж.), 
Ильин көшесіндегі Қайта өзгертілген Спас (1374 ж.) шіркеулерін 
айтуға болады.
ХІІІ ғасырдың басында Новгород княздығында сәулет өнерінің 
дамуының өзіндік үрдістері белгілі бола бастайды. Соборлардың 
бүйір қабырғаларындағы астаукеңістіктердің арқасында орталық 
бөлмелер кеңейе түседі. Жанама астаукеңістіктерді төрт қырлы 
күмбездермен жабудың әдісі ғимарат алдындағы сегізеңісті 
шатырдың астындағы жиек сызықтарын түйістіруге себеп бол-
ды. Кейінірек қабырға қалақтары бір маңдайшаға бірікті. Осылай-
ша, ХІІІ-XV ғасырларда Новгородта қабырғалары үш түрлі болып 
аяқталатын: 
• 
жиектелген;
• 
үш қалақты;
• 
маңдайша қабырғалы шіркеулер салына бастады
.
ХІІІ ғасыр соңынан бастап, Новгородта негізінен төртбағанды 
бір басты шіркеулер салынды. Оған біркүмбезді үшқалақты Воло-
совой көшесіндегі Власия шіркеуі (1365 ж. – XIV ғ. соңы); сондай-


182
ақ Федор (Феодор) Стратилат шіркеуі 
(1361 ж.), 
жергілікті әулиенің 
бірбасты шіркеуі 
(85-сурет)
жатады.
Шатырлы қоңыраухана жеке орналасқан. Шіркеуде бұрыштары 
төмен түскен жартыкүмбездері бар, тұтас үшқалақты жабулар 
қолданылған. Соның арқасында іші кең, төбелері биік болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет