Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Ильин көшесіндегі Қайта өзгертілген



Pdf көрінісі
бет165/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Ильин көшесіндегі Қайта өзгертілген 
Спас шіркеуі (1374 ж.)
Қайта өзгертілген Спас шіркеуі, ертеректегі ғибадатханалармен 
салыстырғанда 8 дөңесті етіп жабылды. Бұл бір жағынан, солтүстіктің 
ауа райына байланысты жабудың тиімділігін, екіншіден, батыстың 
готика сәулетіндегі қасбетмаңдайлы шатырлардың ықпалын 
көрсетті. Шіркеу аздап шошайған, әдемі етіп сәнделген биік бара-
банмен аяқталған. Кіреберістері қалақтармен 3 бөлікке бөлінген. 
Үшқабатты терезелері «жиектермен» жабылып, кіреберісте көркем 
өрнектерді қалыптастырады. Ғибадатхананы сәндеуде ұлттық 
нақыштағы өрнектеуге ден қойылған: өрме сынды сәндік элементтер 
қолданылған. Алайда, қаланған кірпіштерде төрттағанның көптігі 
дәстүрлі діни сарынның басты рөлін сақтағандығын байқатады. 
1378 жылы шіркеудің ішін Феофан Грек безендірген. Ол суреттердің 
басым көпшілігі соғыс жылдарында зақым алғанына қарамастан, 
қазірге дейін сақталды. Бұл – Ф. Гректің салған суреттерінің 
құжаттық дәлелі бар жалғыз новгородтық құрылыс. 
Күмбез суреттері жақсы сақталғандығымен ерекшеленеді 
(Пантократор Архангелдермен және Серафималармен). Қалған 
суреттердің бірқалыпты қоңырқай тартуы өрттердің және қоршаған 
ортадағы химиялық әсерлердің көп болғандығының дәлелі. 
Ильин көшесіндегі Қайта өзгертілген Спас шіркеуінің 
сәулетінде Новгородтың бекіністі көлемді құрылыстарынан XIV 
ғасыр соңындағы әдемі, әсем етіп салынған имараттарға дейінгі діни 
сәулеттің даму жолы байқалады.
Феодалдық бытыраңқылық кезіндегі Солтүстік-Батыс Русьтегі 
көлемі жағынан үлкен орталықтардың бірі Новгородтың «кіші інісі» 
– Псков.
XIII – XV ғасырлардағы Псков сәулеті Новгород сәулеті жүріп 
өткендегідей жолдарды бастан өткерді. Алайда, 1348 жылы Псковтың 
Новгородтан тәуелсіз болуы жергілікті сәулет шығармашылығының 
өзіндік ерекшелігінің қалыптасуына әсер етті. Дәл осы жерде XIV 
ғасырда аралық қабырғалары бар қоңыраухананың бір түрі пайда 
болды. 
Ежелгі Псковтың сәулет өнері ХV-XVII ғасырларда өзіне тән 
ерекшеліктерге ие болды. Бұл жерде қорғаныс имараттарының 
тамаша кешені – Детинец жасалды. Азаматтық құрылыстар XV-
XVII ғасырлардағы бай қала тұрғындарының тастан салынған 


184
үйлер кешені жақсы сақталды. Ол – Яковлев, Лапин, саудагер 
Поганкиндердің үйлері. 
Поганкин палаталары сол уақыттағы басқа тұрғын үйлер сияқты 
сырт жақтары қатпарлы сұр тақтатастардан қаланды. Сондықтан 
кейінірек қабырғалар сылақ жағылып, ақталды. Шаруашылық 
мақсатта қолданылатын бөлік үстінде 1-2 тас немесе ағаш тұрғын 
қабаттар салынды. Үстінде жазғы тұрғын бөлме – «терем» 
тұрғызылды.
Псков сәулет өнерінің айрықша ерекшелігі, азаматтық және діни 
құрылыстарда кіреберістер өте қарапайым безендірілді. Псковтағы 
шіркеулер көлемі шағын етіп салынып, қарапайым әрі «жайлы» 
болды. Бұл қала көлемінің кіші болуымен, оған қоса құрылысқа 
қаржының жетіспеушілігімен байланысты еді. 
Псков шіркеулерінің қабырғалары мен барабандарының төменгі 
жақтары өте кең етіп салынды. Негізінен Псков шіркеулерінің басты 
бөлігі биік шаруашылық бөліктің үстіне тұрғызылды. Кіреберістеріне 
үлкен бағандары бар кең алаңқайлар құрылды.
Псков сәулетінің тағы бір айырмашылығы - ішкі безендіруде 
дөңгелек формадағы бағаналардың қолданылуы. Бұл әдіс бөлме ішін 
кең етіп көрсетеді. Кейінірек осы тәсіл ежелгі Мәскеу сәулет өнерінде 
қолданылды. Шағын ғибадатханаларда сатылай-жабылатын аркалар 
енгізіліп, күмбез астында тіреулер мүлдем қолданылмайтын болды 
(Никола Каменноградский шіркеуі). Қабырғадан барабанға ауысу 
өтпетоғыстар немесе сатылы түрде болды. Алайда соңғы әдіс көп 
тарала қоймады.
Ертедегі Псков діни сәулетінің мысалы Мирожский монас-
тырының Қайта өзгертілген соборы, Успен шіркеуі, Воскресен со-
боры 
(86-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет