172
қатырғыш ұнтақтармен ұстатылды. Тастар балшықпен сыланып, ал
кірпіштер сылақсыз ашық күйде қалдырылды.
Ежелгі сәулетшілер акустиканы да жақсы ескеріп, күмбездерде
бос құмыраларды орналастырды.
Алғашында собор бес астаукеңістікті болып, бірқабатты ашық
гульбищелермен қоршалды. Кейінірек гульбищелер бітеліп, олардың
орнына 6 және 7 астаукеңістік орналасты. ХІ ғасыр соңында олардың
үстінен екінші қабат салынып, галереялардың екінші қатары, сондай-
ақ «Талтүстік» және «Түнжарымдық» мұнаралар салынды.
ХVII және XVIII ғасырларда
қалпына келтіру жұмыстары
жүргізіліп, ғимаратты бекіту үшін контрфорстар орнатылды: көне
«византиялық» қабырғалар балшықпен сыланды. Қырлы күмбездер,
«алмұрт тәрізділеріне» ауыстырылды. Галлереялар бітеліп қаланды.
Алтын жалатылған икона орналасатын қабырғалар пайда болды.
Ең алғаш рет Русьте ғибадатханалар сылақнақыштар салынды.
Собордың барлық кеңістігінде өрнектелген алаңда Оранта Құдай
ананың мүсіні пайда болады («сыйынып тұрған»). Төменірек,
жартышеңбер алтарьдың апсидалардаларында өрнектелген түрлі
түсті евангель әулиелері бейнеленген белдеулер орналасады.
Өрнектер кішкентай
шыны шаршылардан жасалып, бір беті боя-
лып, күйдірілген кезде беки түседі. Олар кейінірек балшықпен
сыланғанда да түсін жоғалтпаған.
Ғибадатхана қабырғасындағы
сурет Ярослав Мудрыйдың от-
басын бейнелегендіктен, тарихи мәнге ие. Галерея аралықтарында
ашық, көңілді етіп бейнеленген сайқымазақтардың суреттері
сақталған. Татар шапқыншылығы кезінде собор жартылай
қиратылды. XVI ғасырда соборды қалпына келтіре бастады, тек XVII
ғасырда Украина мен Ресей біріккеннен кейін толығымен жөнделді.
Новгород –
орыс мемлекетінің ірі орталығы, солтүстіктегі
маңызды сауда жолдарында орналасқандықтан экономикалық және
әлеуметтік тұрғыдан тез дамыды. Новгород княздығы және оның
Киевпен тұрақты бәсекелестігі оның сәулетінің ерекшеліктерін де
анықтап берді. Русь шоқына салысымен 989 жылы көп жылғы өмірін
Новгородта өткізген Ярослав Мудрыйдың бұйрығы бойынша, емен
ағашынан Әулие Софияның собор шіркеуі тұрғызылды.
Көпшілік
болып сыйынған кезде, олардың арасында князьдың өзі де қатысқан.