168
Отырықшыл халықтардың арасында славяндар ІІ ғасырдан
бастап белгілі болды. Әдетте, славяндардың
бекінген қоныстары
төбелерде, өзендердің тік жағалауларында орналасты. Қауымдар
тарқағанда үлкен әулеттердің тұрғын үйлері бір отбасына арналған
көптеген шаруашылық нысандары бар үлкен үй-жайлармен алма-
са бастады. Үлкен әулеттерге арналған тұрғын үйлер
бір-бірімен
жабық өткелдермен байланысып, біртұтас күрделі
ғимарат тобын
құрады. ІІІ-IV ғасырлардағы ерте славяндық қоныстың үлгісі ретінде
жоғарғы Еділдегі Березняки қонысын айтуға болады
(78-сурет).
Славяндарда тайпалық табынушылық болды. Діни орталықтар
ашық аспан астындағы ғибадтханалар –
пұтқа табынушылар
ғибадатханасы болып, кейінірек олардың табынатын орындары
ойып безендіріліп, жазу жазылған жабық-ғибадатханаларға ауысты.
Дін өкілдері қасиетті ағаш жанынан
кумирня сынды орындарды
таңдады.
Достарыңызбен бөлісу: