Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет152/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.10.2-тақырып. Х-ХІ ғасырлардағы 
Киев Русінің сәулеті мен өнері
Киев мемлекетінің өркендеуі Х ғасырдың соңы мен ХІ ғасыр ба-
сына сәйкес келеді. Осы уақытта ескі қалалардың орындарына: Киев, 
Чернигов, Полоцк, Смоленск, Новгород сияқты көптеген қалалар 
пайда бола бастады. Русьті Гардарика – «Қалалар елі» деп атады. 
Онда қалалардың саны 270-ке жеткен. Ежелгі орыс қалашығының 
орталығы сауда алаңы мен ғибадатханасы бар бекінген ауданы бол-
ды. Тұрғын үйлер бөренелерден салынды, байлардың үй-жайлары 
бөренелерден біріктіріліп жасалып, бірнеше бөліктен тұрды. Бекініс 
қабырғалары, мұнаралар, көпірлер, тіпті, новгородтық су құбырлары 
да ағаштан жасалды. 
Князь Владимир мен оның ұлы Ярослав Мудрыйдың кезінде 
жаппай тас құрылыс қолға алынды. Византиядан сәулет шеберлері 
келе бастады (оның ішінде Византияның құрамына кірген Греция-
дан). Сондықтан византиялық дінді көбіне, грециялық деп атады. 
Орыс тас сәулеті христиан діні сияқты Византияда туындаған деп 
саналады. Алайда, бұл теорияға қарсы келетіндер де бар (Грабарь). 
Олар Русьта еліктеушілік емес, Византия дәстүрлері мен антикалық 
мәдениетін қайта өзгерту арқылы, өзіндік орыс сәулет өнері туын-
дады деп санайды. Х-ХІІ ғасырларда Ежелгі орыс сәулеті шығыс 
славяндардың Византия шеберлері келмей тұрып-ақ, ежелгі ағаш 
сәулетімен жалғасқан тас құрылыстың көркемдік және техникалық 
жағынан дамығандығын байқатады. 
Орыс сәулетінде византиялық құрылыс әдістері мен көркемдік 
безендірулер ерекше мәнерге ие болып, безендіруде өсімдік 
элементтері, т.с.с қолданылады. 
Русьтің солтүстіктігінде құрылыс жергілікті кесек сындырылған 
тастармен жүргізілді. Жаппай кірпіштен құрылыс салу үшін, Киевте 
күйдірілген кірпіштерді өндіріске енгізу жолға қойылды. Күйдірілген 
кірпіштер құмды-тұтқыр қоспалармен араластырылып бекітілді. 


170
Ерте тас құрылыстарда «византиялық» қалау әдісі қолданылып, 
бірнеше қатар күйген кірпіштер қаланған тастармен қысылып 
ұстатылды. 
Христиандықты қабылдағаннан кейін Русьте төрттаған күмбезді 
ғибадатханалар салына бастады. 
ІХ ғасыр мен ХІ ғасырдың ортасында ежелгі орыс мемлекетінде 
Киев пен Новгород саяси, экономикалық және мәдени жағынан 
дамыды. Киев үш бірдей ескі қалашықтардың орнына пайда бол-
ды. Х-ХІ ғасырларда ол жерде сәулет өнерінің тамаша үлгілері 
қалыптасты. Русьтегі алғашқы тас шіркеулердің бірі Киевтегі Деся-
тин шіркеуі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет