1.7.2-тақырып. ХVІІ ғасырдың ортасы-
ХІХ ғ. басындағы Франция сәулеті
ХVІІ ғасырдағы Франция сәулеті
(барокко және классицизм)
Франция құрылысында төңкеріс болады да барокко стилі дами
бастайды. Франциядағы капиталистік қатынастардың дамуы ра-
ционализм мен практицизмге талпынумен байланысты, қатаң рес-
ми сәулетте қасбеттер классицизм стилінде шешіледі, антикалық
мұраға еліктеу белсендіріле түседі. Бұл Франциядағы классицизм
стилінің алғашқы даму кезеңі.
Бұл кезеңге саябақтары, жүйелі бақтары бар ірі көлемді симме-
триялы қала құрылыстық композициялар тән.
ХVІІ ғасырдың екінші жартысында үлкен сәулет-құрылыстық
міндет француздық корольдар резиденциясы – Версальды қайта
құру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |