Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет114/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Кейінгі Қайта өрлеу дәуірі
Жоғары Қайта өрлеу дәуірінің жайлы үйлесім қалдықтары 
байқалады, готикалық мотивтері жанданып, пішіндердің мәнерлілігі 
күшейе түседі.
Діни құрылыс күшейе түседі. Осы уақытта жалғасып жатқан 
Римдегі Әулие Петр соборының құрылысынан басқа өз кескінін түп-
тамырымен өзгерткен жаңа шіркеулер тұрғызылады. Сәулетшілер 
діни ғимараттардың орталықтандырылған түрлерінен бас тартып, 
базиликке қайта оралады, сыртқы кескінде вертикализмге деген 
ұмтылыс пайда болады.
Білім, ғылымның құдіреттілігі алдында адамның өз 
қабілеттілігінен түңіледі. Жаңаның маңызды белгісі сәулеттің 
жоғары мәнерлілігі мен «мүсінділікті» іздеу болып табылады. 
Әсіресе, бұл ұлы сәулетші және мүсінші Микеланджело Буанаротти 
шығармашылығында байқалады.
Кейінгі Қайта өрлеу сәулетіне екі бағыттың күресі: 
• бірі болашақ барокконың шығармашылық негізін орнату;
• екіншісі, Жоғары Қайта өрлеу дәуірінің желісін дамыта оты-
рып, классицизм дәуірінің қалыптасуын дайындау тән.
Сәулетшілер қала билігінің тапсырыстарын ғана емес, көбінесе 
Римде өздеріне сарайлар мен қала сыртындағы виллалар тұрғызып 
жатқан шіркеу князьдарының, монастырлардың және ақсүйек 
феодалдардың тапсырыстарын орындады. Сонымен, қала сарай-
ларынан сәулетшілер көрнекілікті іздесе, тапсырыс берушілер ша-
малы сымбаттылық пен айбындылықты талап етті, ал виллаларды 
үйлестіру тәсілінде басқаға, яғни тартымды, табиғатпен жақсы 
үйлесімде болатын кескінге қол жеткізуге тырысты. Сондықтан 
да қала сыртындағы сәулетте Жоғары Қайта өрлеу дәстүрлері 
сақталады, кейіннен стильдің өзгергендігі байқалады.


119
Барокко белгілері пайда бола бастағанда, ХVІ ғасырдың екінші 
жартысында Италияда сәулетшіліктің жаңа даму желісі Микелан-
джело шығармашылығында айқын көрініс табады. 
Қайта өрлеу дәуірінің қала құрылысында «тамаша» қалалардың 
жобалары және алаңдар, саябақтар, қала ансамбльдері сияқты 
олардың элементтері жұмыстың негізгі нысандарына айналады. 
Шынайы қала құрылымында осы кезеңдегі қоғамның жіктелуі 
кедейлер тұратын қала бөліктері мен жеке сарай, діни ансамбль-
дерден тұратын құрылыстың ретсіздігі байқалды. Буржуазияны 
ортағасырдың қисық тар тұйық көшелері қанағаттандырмады. 
Ортағасыр қалаларының центрлес құрылымы мен римдік әскери 
лагерьлердің тиімді формаларының синтезін қамтып көрсететін 
орталықтандырылған түрдегі қала идеясы туады. 
Тамаша қалалардың әлеуметтік құрылымының теориялық 
негізін Томас Мор, Томмазо Кампанелла сияқты философ-утопистер 
құрады.
Олардың «тамаша» қалалары көгал мен ауаға қанық. Қала 
демократиялық формация болып саналады, бірақ қала бөліктері 
орталықта ақсүйектердің сарайлары орналасқан таптық тиістілігіне 
қарай бөлінеді. Кейбір қалалар құрылысына 1593 жылы Пальма Нуо-
ва, сәулетші Скамоцци, Ливорно, сәулетші Сангалло және басқалар 
қатысты. Бұл қалалар сақталмағанымен, олардың жобалары қала 
ансамбльдерін негізін құруға себепкер болды.
ХVІ ғасырдың соңында: Джакомо Бороцци да Виньола, Ан-
дреа Палладио, Лион Батиста Альберти сынды бірнеше сәулетші-
теоретиктер шықты.
Сәулеттің ғылыммен тығыз одағы ғылыми теорияның дамуында 
көрініс тапты. ХV ғасырда Витрувий трактатының жаңалығы сәулет 
бойынша теориялық еңбектер қатарын жазуға ынталандырды. Трак-
татта сәулет эстетикасы (сәйкестемелік қатынас, ордерлер құру және 
т.б.), құрылыс, құрылыс материалдарының техникалық мәселелері, 
қала құрылысы және т.б. кеңінен баяндалды. Әртүрлі ғимараттар 
мен имараттардың түрлерін функционалдық зерттеу мәселелеріне 
үлкен көңіл бөлінді.
Ең атақтылары Лион Баттисты Альбертидің «сәулетшілік тура-
лы 10 кітабы», Джакомо Барроцци да Виньолының «Сәулеттің бес 
ордерінің ережелері», Андреа Палладионың «Сәулет бойынша 4 


120
кітабы», Леонардо да Винчидің еңбектері, Барбаро мен Сериноның 
трактаттары болып табылады.
Альбертидің 
трактаты 
өзінің 
энциклопедиялығымен 
ерекшеленеді. Қала құрылысы, әртүрлі ғимараттар мен имарат-
тар құрылысы тәжірибелерін жан-жақты талдаумен қатар автор 
функционалдық ұйымдастыру, ғимараттарды «безендіру», олар-
ды тұрғызу тәсілдері саласында пайдалы кеңестер, практикалық 
мәліметтер мен ұсыныстар береді.
Бірнеше кітаптар ғимарат конструкцияларына, құрылыс мате-
риалдарына, практикалық жұмыстар өндірісіне және т.б. арналған. 
Альберти тіреу, арқалық, арка және құрылыс имараттарының басқа 
элементтерімен жұмыс істеуді жүйелеп баяндайды.
Теориялық мәселелерді әзірлеуде Леонарда да Винчи бәрінен 
озды (1452-1519 ж). Оны «күш» ұғымының мәні қызықтырды. 
Ол бойлық және көлденең иіліс қарсылығын шамамен анықтауға 
мүмкіндік беретін формуланы ойлап тапты.
Оның соңынан механика және статика теориясы мәселесімен 
Галилео Галилей айналысты (1564-1642 ж.) Ол материалдар 
қарсылығына бастау қойып, арқалықтың «иілу күшінің» қасиетін 
зерттеді.
Кейіннен статика және механикамен мамандар айналысты, ал 
сәулет трактаттарында ғимаратты «безендіру» мен ордерлер теория-
сы, ғибадатханалар, сарайлар мен ірі қоғамдық ғимараттар компо-
зициясы ережелеріне байланысты эстетикалық аспектілерге басым 
көңіл бөліне бастады.
Андреа Палладио сәулеттің функционалдық, көркемдік 
және техникалық жақтарын қарастыруда кешенділікті сақтайды, 
дегенмен, көркемдік-композициялық тәсілдер мен мәселелерге, 
ордер теориясына және ғимарат түрлеріне басты көңіл бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет