Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет109/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Палаццоға тән белгілер
• үш қабат санына қарай қасбеттерді көлденеңінен дәл бөлу.
• ернеуді кең етіп шығару .
• аркалы галереямен қоршалған ішкі аула айналасына жоспар 
композициясын қалыптастыру.


113
• қасбеттерді қашаутаспен өңдеу (қашаутас – ажарсыз уатыл-
ған немесе сыртқы беті бұдыр тас). Қашаутас бедері қабат 
саны артқан сайын азайып отырды.
Медичи-Рикарди палаццосы (1444-1452 ж.)
М. Ди Бартоломео орындаған палаццо жоспары алғашқыда тек-
шеге жақын болды 
(44-сурет).
ХVІІ ғасырда сарай Риккарди отбасы-
сына көшкеннен кейін оның кескіні едәуір 
өзгерді: қасбет 7 терезе осіне ұзартылды.
Өзгеріске ұшырағанға дейін барлық 
бөлмелер ашық зал ретінде қолданылған 
12,2 х 12,2 м ішкі аула айналасына топтасты-
рылды. Бірінші қабаттың кіреберісінде ат 
қора және күзетшілер бөлмесі орналасқан. 
Бұрыштағы зал көше жаққа қарады, онда 
қонақасылар берілетін лоджия орналасқан. 
Кейіннен лоджия бітеліп, төменгі қабат 
аркаларында 
Микелеанджело 
суреті 
салынған жақтаулары мен керегеторла-
ры бар терезелер орнатылды. Жоғарғы екі 
қабатта залдар, қонақ бөлмелер, капел-
лалар, тұрғын бөлмелер, үшінші қабатта 
қызметтік бөлмелер орналастырылды.
Интерьерлер 
мен 
ішкі 
аула 
қасбеттерінде ортағасырлық айбарлықтан 
ештеңе қалмаған: композициялар мен 
пішіндер ашық жарқын көзқарасты 
куәландырады. 
Қабаттардың 
дөрекі 
қашалған тас қабырғаларының тартым-
ды бедері төменгі қабаттардың қалың 
текшелерінен жоғарғы қабаттың тегіс 
сыртқы бетіне қарай кеми түскен. Ғимарат 
шығыңқы ернеумен аяқталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет