XV-XVII ғасырлардағы Кремлдің азаматтық құрылысы XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында Кремльде
ауқымды аулалық құрылыс басталады: салтанатты қабылдауларға
арналған ғимараттар – Қырлы сарай тұғызылады. Ал 1499 жыл-
дан бастап, Мәскеудің ұлы князьдық сарайының сәулеттік кешенін
құрайтын Тас сарайлардың құрылысы жүргізіледі.
Қырлы сарай (1487-1497 ж.) Сәулетшілері: Марк Фрязин (Марко Руффо) және Пьетро Антонио Солари Сарай XV ғасыр соңы мен XVI ғасыр басында салынған
ауқымды патша сарайлары кешеніне кірді. Собор алаңында салта-
натты тақ залының қызметін де атқарды. Оның негізгі кіреберісі
беті тегістелмеген таспен қаланды, осыдан бастап оның аты шықты.
Ғимарат биік 4 дөңесті шатырмен жабылған. 1682 жылы болған
өрттен кейінгі қайта жөндеуге дейін екінші қабат терезелері үшкір
болып аяқталған. Сарайға оңтүстік жақтан кіреберіс жасалды. Оған
сақталмаған алтын арыстан мүсіндері бар қызыл ашық баспалдақ
апарды. Русьтің дәстүріне тән 495 шаршы метр аумақты құрайтын
бірбағанды кең бөлме төбесі 4 төрттаған тоғыспамен жабылды. Ал
қасиетті кіреберістерде алтын жалатылған, ойылып жасалған пор-
талдар бар. Кең бөлме қабырғалары мен төбелеріне сурет салынып,
кейіннен ескірген суреттерді жабу үшін матамен қапталды. 1882
жылы палех иконажазушылары көне қабырға суреттер композиция-
сын қайталап салды.