Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


-сурет Дума хатшысы Аверкия Кириллов сарайы (1657 ж.)



Pdf көрінісі
бет191/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

99-сурет
Дума хатшысы Аверкия Кириллов сарайы (1657 ж.)
Бұл жабық өткелдермен байланыстырылған тас ғибадатханалар 
мен зәулім үйлер кешені 
(99-сурет).
Көлемдері, бір-біріне жақын 
орналасқан, бай жақтаулары бар ретсіз топтастырылған терзелері мен 
сәйкестенбейтін жауырындық қабырғалармен бөлінген. Кірпішпен 
сәндеу кеңінен қолданылған. Ағаш құрылыстарға ортақ сипат-
тары бар биік шатырлар, көркем композицияның әсерін күшейте 
түседі. Жоғары қарай бағытталған шіркеу композициясы ансамбльді 
толықтыра түседі.
Тұрғын үйлер тастан тек Мәскеуде ғана емес, орыстың басқа 
қалаларында да салынды. Ерекше мысал ретінде Псковтағы Лапин 
үйі, Гороховецтегі Серин мен Шумилин үйлерін атауға болады. 
XVII ғасырдың ортасында алып діни құрылыстар Ресейдің 
барлық аумағын алып кетті. Ірі сауда орталықтары – Ростов, Архан-
гель, Углич, т.б шығыс және батыс мемлекеттермен саудаға кірген 
қалалар, біртіндеп байып көркем ансамбльдермен, әсем, сәнді 
бөлшектермен ғимараттарды безендіре бастады. Өзіндік сәулет 
дамыған қалалардың бірі, Поволжьядағы маңызды сауда орталығы 
болған – Ярославль. Бұл жерде өзіндік ашық және көркем Ярослав 
мектебі қалыптасады.


207
Ярослав мектебі
Ярославльдегі көптеген имараттар құрылысы халықтық өнермен 
байланысы бар бай көпестердің қаржыларына жүргізілді. Ярослав 
ғибадатханалары мәскеуліктерден кең. Оларда ішкі бағандар мен 
жарық түсетін бастар болды, сондай-ақ бес басты етіп салу көп 
кездесті. Шатырмен жабу тек қоңырауханаларда ғана қолданылды. 
Осы кезеңде барлық жерлерде ғибадатхананы шатырлап жабу жо- 
йылды. Бұл патриарх Никонның діни салтанаттарына қатысты ре-
формасына байланысты болды. Никон халықтық ағаш сәулет өнеріне 
араласа бастаған сәулеттегі ақсүйектік бастамаларға қарсы бол-
ды, сондықтан ғибадатханаларды шатырмен жабуға тыйым салды. 
Сөйтіп құрылыс жүргізу үшін «бір, үш және бес басты» шіркеулер 
құрылысын белгілейтін ғибадатхана салу сауаты қажет болды («Хра-
мозданная» грамота). 
Никонның бұйрықтарын орындағанмен, Ярослав мектебі орыс 
сәулетінің жарқын және халықтық тұстарын аша түсті. Ол тек Ярос-
лавльде емес, өзге жақтарда да тез тарады. 
Ярослав шеберлері топтарға бірігіп бүкіл ел бойынша кең гале-
реялары мен қанат жайған кіреберістері бар шіркеулер мен зәулім 
үйлерді салды. Кіреберістердің әдемі келбеті, ғимараттың өн бойын 
түгел жабатын сәнді суреттермен теңесті. 
Ярослав мектебінің керемет ескерткіштері: Коровниктегі 
Иоанна Златоуста, Толчковадағы Иоанна Предтечи шіркеулері, 
Ярославльдегі Илья пайғамбар шіркеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет