Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет188/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Коломенскдегі Вознесен 
шіркеуі (1532 ж.)
Шіркеу 
(98-сурет)
болашақ патша Иван 
Грозныйдың дүниеге келу құрметіне, Мәскеу 
өзенінің биік жағалауында тұрғызылды. Алып 
62 метрлік шіркеу мұнарасы (шатырының 
биіктігі 20 м) биік қойма үстінен қаланып, кең 
гульбищелермен және сатылармен қоршалған. 
Ол сымбатты сегізқырлы шатырмен 
аяқталып, ең басында жарық түсіретін шам 
орналастырылған. Мұнара конструкциялық 
тұстарында ақ тастар қолдану арқылы қызыл 
кірпіштен қаланды. 
Коломенск шіркеуінің композициясы 
орыс ағаш сәулет өнерінің түріне жақын. Тегіс 
ұшты төрттаған түріндегі жоспар, орыс ағаш 
сәулетінде қолданылып, «төрттаған» қима тас 
шатырды орнатуда өте ыңғайлы болды. Халықтық өнерге мән беру, 
Мәскеу үкіметінің саясатының бірі болды. Коломенск шіркеуіндегі 
жаңашыл батыл композициялар, өз кезеңіндегі алдыңғы қатарлы 
білімдерді қолдануға мүмкіндік әкелді. 
Діни құрылыстардағы жаңалықтың бірі XVI ғасырда бағансыз 
шіркеулердің төрттаған тоғыспалармен жабылуы болды. Мұндай 
құрылыстарда тоғыспалардың төрттаған тәрізді болуы, төрттаған-
күмбезді ғибадатханалары кеңістіктерінің дәстүрлі түрде бөлінуі 
тапсырыс берген адамның христиандық символикасын жақсы 
көргендіктен таңдалған болуы мүмкін. 
XVI ғасырдың ортасында пішіндер мен кіреберістердің жаңа 
безендірулері пайда болуына орай, бағанасыз ғибадатханалар 
түрі келесі өзгерістерге тап болады. Төрттаған күмбездің қалыбы 
шығыңқы пішінге ауысады. Тоғыспалардың бойында орталық жиек-
тер сынды кокошниктер орналасады.
98-сурет


205


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет