Ескі Ағылшын ауласы (XVI ғасырдың бірінші жартысы) Оның құрылу тарихы ағылшын-орыс дипломатиялық және
саудалық қарым-қатынастардың пайда болуымен тығыз байланы-
сты. Биік орналасқан шағын терезелері бар, төрт дөңесті шатырмен
жабылған екі қабатты ғимарат тұруға және тауарларды сақтауға
қолайлы болды. Бұл сауда кеңсесінің қонақ үйі іспеттес еді.
Орыс ағаш шіркеулерін салу мен тас сәулет өнерінің
конструктивтік жетістіктері мен дәстүрлері XVI ғасырдың орта-
сында алып шатырлы ғибадатханалардың пайда болуына септігін
204
тигізді. Шатырлы шіркеулер зайырлы сипатта
болды және Коломенск сынды патшалық жер
иеліктерінде салынды.