Останкинодағы Троица шіркеуі
(1678-92 ж.) Сәулетшісі Павел Потехин
Бұл бағансыз бескүмбезді екі приделды, биік қойма бөлмесінің
үстінде орналасқан, ірі садақ тәрізді бастары мен жіңішке шығыңқы
барабандары бар ғибадатхана.
Керемет сәнделген жабдықтарында орыс сәулет өнеріндегі
әшекейлеудің барлық түрі: кірпіштен құйылған сәндеуге арналған
бөлшектер, ақ тасты оюлар, құйма сырлы тақталар қолданылған.
Шіркеудің қоңырауханасы мен кіреберісі шатырмен жабылды.
ХVII ғасырдың аяғындағы сәулеттің дамуындағы соңғы
кезең, шіркеулердің әдемі әшекейлендіріліп, көркем суреттер-
мен безендірілуі, көлемді композицияларының пайда болуы.
XVII ғасырдағы қабатты ғибадатханалар гульбищелері бар биік
шаруашылық бөлмесінің үстінен қаланып, негізгі бөлігі көбіне
қоңырауханамен аяқталады.
XVII ғасырдағы Мәскеу сәулет өнерінде орыстың басқа
қалаларына әсер еткен стиль қалыптасты. Бұл – «нарышкиндық ба-
рокко». Оған Филядағы Покров шіркеуі мысал бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |