211
1707-1709 жылдар Дж. М. Фонтана үшін қайта өзгертілді.
Сарайдың сыртқы қабырғалары классикалық ордерлік сәулетті
толық қолдана отырып безендірілді. Меншиков сарайы Еуропалық
типтегі Мәскеудің алғашқы ғимараты болды. Осы жерде түрлі жиын-
дар, салтанаттар өткізіліп тұрды.
XVII ғасырда тас құрылыстармен қатар, ағаш ғимараттарды
салу да тоқтаған жоқ. Орыс ағаш сәулетінің әсемдік пен керемет
жетістігі үлгісін көрсеткен ғимараттар, жоспар бойынша қарапайым
шаруашылық бөлмелері болды. Алайда, түрлі ұсақ бөлшектермен
жабылуы, әртүрлі оюлардың салынуы, шіркеулерді де, қарапайым
үйлерді де ертегідегідей сәнді етті.
Осы бағытта XVII ғасырда зәулім үйлер мен сарайлар салынды.
Бұл кезеңнің ең керемет ағаш сәулет үлгісі Коломенскідегі Патша
сарайы болды.
Достарыңызбен бөлісу: