Мәскеудегі Меньшиков шіркеуі (1704-
1707 ж.) Сәулетшісі Иван Зарудный
Бұл – Архангел Гавриил шіркеуі (Меньшиковтың әкесі тура-
лы есте сақтау). Иван Зарудный ежелгі орыс сәулетіне тән сағат
орнатылған 2 қабатты қоңыраулы мұнараны орналастыру тәсілін
қолданған. 1770 жылдары жанып кеткен шатырұш алмастырылған
соң, Меньшиков мұнарасы сол кездегі ең биік мәскеулік мұнара бо-
лып шығады. Меньшиков мұнарасы Ұлы Иван қоңырау мұнарасынан
1,2 метрге биік болғанымен, сәйкестемелік қатынас есебінен мұнара
аласа көрінеді. Қасбеттер әдемі өңделген: қызыл қабырғалар аясын-
да жауырындық қабырғалар, сурет салынған жақтаулар, әдемі ернеу-
лер мен оймабедерлер ерекшеленеді. Қарсыкермеге ұқсас екі орасан
зор волюта кіреберіс есіктің екі бағаналы діңмаңдайшасын қорғап,
батыс жақ қасбетке жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |