В. В. Растреллидің шығармашылығы (1700-1771 ж.)
1717 жылы Варфоломей Варфоломеевич (Бартоломей Фран-
ческо) Растреллидің әкесі Бартоломео Карло Растрелли орыс
қазынасымен шарт жасасып, Петерборға көшіп келеді. Ол мүсін,
кескіндеме және интерьер шебері болған. Жас кезінен оның ұлы
әкесінің жұмыстарына, кейіннен Петерборды жобалауға және салуға
қатысады. Құрылыс негізінен бос телімдерде жүргізілді. Алғашқыда
Растреллидің сарайлары астанадан алшақ жерде салынды (Митава-
да – 1738 ж., Рудланда – 1735 ж.), сондықтан сәулетші астана сәніне
тәуелді болған жоқ. Өз туындыларымен жұмыс істей отырып, В. В.
Растрелли орыс бароккосын жасай алды.
Петергоф сарайы қайта салынғаннан кейін Растрелли ең сәнді
сәулетші атанады, сондықтан патша жақындары мен туыстарына ар-
нап салады. Ол Қысқы сарай, Смольный монастырын, Патша ауылы
мен Петергофта сарайлар салады.
Елизавета қайтыс болған соң 1761 жылы билікке оның ұлы Петр
ІІІ, ал бір жылдан соң оның әйелі Екатерина ІІ келеді. Ол Растреллиді
жақсы көрмеді және оның Құрылыс істері кеңсесіне бағынуы тура-
лы бұйрық шығарды. Растрелли өз еркімен орнынан кетеді. 1771
жылы Италиядан оның соңғы хаты келеді.
Б. Растреллидің ертедегі жұмыстарының бірі Петр сарайы
ғимаратын қайта құру болатын, жас кезінде-ақ Растрелли толып
жатқан субұрқақтардың мүсіншісі ретінде жұмысты әкесімен
бастаған болатын.
220
Достарыңызбен бөлісу: |