Дискретті кездейсоқ шама.
Монте-Карло әдісімен модельдеу
Математика
Западно-Казахстанский государственный университет имени М. Утемисова (ЗКГУ)
30 pag.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Физика-математика факультеті Математика кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:«Дискретті кездейсоқ шама. Монте-Карло әдісімен модельдеу»
Орындаған: М-31 топ студенті Темірханова А.Қ.
Жетекшісі: аға оқытушы Маутеева С.М.
Орал-2020 жыл
1
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
Кездейсоқ шамалардың анықтамалары 6
Үлестірім заңдары 6
1.2. Дискретті кездейсоқ шамалар. 8
Монте- Карло әдісі. 18
Монте- Карло әдісімен интегралдау. 18
Монте- Карло әдісінің геометриялық алгоритмі. 20
Монте- Карло әдісімен тікелей модельдеу. 24
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
2
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтынын салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесінің дамуын қамтамасыз етіп отырады. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту, тәрбиелеу, технологиялар, әдіс-тәсілдерде өзгеруде. Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық білімдік және ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналды.
Математика дегеніміз-тек сандар ғана емес, мұнда басқада керемет нәрселер аз емес.
Математикада қазіргі уақытта көптеген ғылым салаларына еніп абстракциялық сипатқа ие болған. Бір кездерде адам әртүрлі қызмет саласындағы практикаға қажет туындаған түрлі ғылымдарының бірі.
Математика басқа ғылымдар сияқты бізді қоршаған әлемді зерттейді. Ол зерттейтін әлемнің құбылыстарының өздері матери табиғатымен емес тек қана, формальды құрылымды қасиетімен, әсіресе, олармен байланысты сандық қатынастармен және кеңістік формаларымен анықталады. Сондықтан математикалық объект заттар мен құбылыстардың сандық және кеңістік қасиетін, қатынастарын ерекшелендіре отырып, барлық басқа қасиеттерін абстракциялау нәтижесінде табылғанмен, шын мағынасында ол күйде кездеспейтін, бірақ құбылыстарды бейнелейтін идеал әдептің бірі болып табылады.
3
Достарыңызбен бөлісу: |