Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет203/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

105-сурет
106-сурет
Он екі коллегия ғимараты (1722-1742 ж.)
1717 жылы Петр І 12 коллегияға арналған әкімшіліктік ғимарат 
салуға конкурс жариялады. Конкурсқа: Леблон (1714 жылы 
Петерборға шақыртылған корөлдіктің бас сәулетшісі), әкесі мен 
ұлы Растреллилер, Кваренги сияқты барлық атақты сәулетшілері 
қатысады. Конкурста типтік шешім қағидасын пайдаланған Д. Тре-
зини жеңіске жетті: ол 360 м созылған коллегияның 12 бірыңғай 
одақтастырылған корпусының жобасын жасады 
(106-сурет).
Барлық бөліктер шағын волютасы, маңдайша қабырғасы бар риза-
литтермен ерекшеленді. Әр бөліктің өз есігі болды және биік сынық 


216
пішінді төбемен жабылды. Ғимараттың шетжағы Нева жағалауына 
қараған. Жоба бойынша ғимарат алдында алаң болуы тиіс, бірақ ол 
салынбаған. Кейіннен ғимарат кірпіш түске боялған, ал әшекейі ақ 
түсті.
Аталған құрылыстардан басқа Д. Трезинидің көптеген тұрғын 
ғимараттары, Александр-Невский Лавр корпусы және басқа 
құрылыстары бар. 
Д. Трезини Петербор құрылысының бас жоспарын жасауға 
арналған конкурсқа қатысып, жобасы ең үздік жоба болып шығады. 
1716 жылы Петербордың бас сәулетшісі А. Леблонның бас жос-
пары бойынша қала орталығын Васильев аралына орналастыру 
ұсынылады, бірақ ХVІІІ ғасырдың басында орталығы Неваның 
сол жақ жағалауында орналасқан қаланы тарамдалған-айналма 
жүйемен жоспарлау қалыптасады. Адмиралтействоға 3 басты магис-
траль қосылады, ал Васильев аралы тікбұрышты қала бөліктерінен 
тұрады. Д. Трезини қала орталығының үш сәулелі қалыптасқан 
композициясымен орасан зор кеңістіктік композицияны жасап
жүйелі жоспарланған қағидалары табиғи ортаның нәзік сезімімен 
үйлестірілген жоспарын дайындады. 
Петербор бірден астана болған жоқ, тек 1709 жылғы Полта-
ва шайқасынан кейін ғана астана мәртебесіне ие болды. Бұл кезде 
құрылыс жаңа күшпен жаңартылады. 
ХVІІІ ғасырдың басында Петерборда тек дәстүрлі тұрғын 
және қоғамдық ғимараттар ғана салынды. Петр І арнайы тапсыры-
сы бойынша қосарланған діңгекті қарағай табылған жерге табиғат, 
мұражай және кітапхананың таңғажайып функциясының жинағы 
үйлестірілген ғимарат салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет