Петропавл қамалы
Қамал салынған күн 1973 жылдың 16 (27) мамыры қаланың
негізі қаланған күн болып есептеледі. Алғашқы қамал ағаш
бекіністермен топырақтан тұрғызылды. 1706 жылдың 30 мамырын-
да Қоян аралында тас қамал салынды. Батыстан шығысқа созылған
алты бұрышты қамалдың 6 биік қамалы арасында гарнизон мен оқ-
дәрілерді орналастыруға арналған каземат орнатылған қос қабырға
– қоспадуалмен біріктіріледі.
Қамал құрылысын Д. Трезини басқарады. Құрылысты
шапшаңдату үшін Петр І танымал ақсүйекке белгілі жұмыс телімін
бекітіп берді, сондықтан барлық нысандар, тіпті, қамал қақпалары
бірнеше стильде орындалды.
Ең көне және көркемдік тұрғыда ең құнды Петр қақпалары
1717-1718 жылдары Д. Трезини жобасы бойынша салынды.
Елтаңба, жауырындық қабырғалар, бүйір жақтарынан волюталар
мен дөңгелек қуыстардағы мүсіндер әдемі безендірілген.
Қамал орталығында Петропавл соборы орналасқан.
Кейіннен комендант үйі және абақты, инженерлер үйі, Монета
сарайы, Бот үйі – «орыс флотының атасы» – бот Петр І-ге арналған
павилион-футляр ғимараттары салынды. ХVІІІ ғасырдың соңында
Неваға қараған қамал қабырғалары гранитпен қапталды (1787
ж.) және сол кезде гранитті Нева қақпалары салынған болатын
(сәулетшісі Н. А. Львов).
Достарыңызбен бөлісу: |