Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет202/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Доминико Трезини шығармашылығы 
(шамамен, 1670-1734 ж.)
1706 жылы Петр І бас сәулетшісі Доменико Трезини сайланған 
қалалар ісі Кеңсесінің негізін құрды. Ол 1670 жылы Лугано 
маңындағы швейцарлық ауылда дүниеге келді. 1703 жылы Д. Тре-
зини Ресейде фортификатор және сәулетші болып жұмыс істеу үшін 
шақырылған, орыс елшісі князь Измайлов пен оның арасында шарт 
жасалды. Трезини Петропавл қамалы құрылысының жетекшісі, 
сондай-ақ Петербор құрылысына жігермен қатысқан алғашқы 
сәулетшілердің бірі болды.
Петерборды жылдам салу үшін Д. Трезини 1714 жылы «үлгілі» 
үйлердің үш жобасын дайындады 
(104-сурет). 
Олар:
104-сурет
- «пиғылды» адамдарға арналған үй (тегі мен сословиесі ең 
төмен). Бұл типтік үйлердің жоспарлары «құрылған» тұрғын ұяшық: 
ауыз үй, ас үй және 2 тұрғын бөлме.
- ауқатты (мещандарға арналған) адамдарға арналған үй – 
жоғары жағында – мезонин, үйдің өзі – бір қабатты. Жоспарда бұл 
бірнеше тұрғын ұяшықтан одақтасқан.
- «әйгілі адамдарға» арналған – 2-3 қабатты және жоғарғы 
қабатында мансардасы бар. Әдетте, мұндай үйлердің орталығы 
бағаналармен, аркалармен ерекшеленеді.
Соңғысына өте қарапайым безендірілген Петр І жазғы са-
райы (сәулетшісі Трезини, 1710 ж.) мысал бола алады. Қасбеттерді 
безендіру үшін мүсін қондырмалар мен әшекейбедер қолданылған 
(105-сурет).


215
Бір сызыққа салынған типтік үйлердің қасбеттері болашақ 
көшелердің нұсқасын түзді. Петр І ойынша болашақ астана тастан 
ғана салынуы тиіс, ал ол жетіспеді, сондықтан көптеген тұрғын 
үйлер мен тіпті, қоғамдық ғимараттардың өзі ағаштан салын-
ды, бірақ олардың қасбеттері тас қалауды боямалайтын сылақпен 
өңделді. Ғимарат аражабындары ағаштан орындалды және тіпті, И. 
К. Коробовтың жобасы бойынша Адмиралтействаның шатырұшы 
ағаш болды.
Типтік жобалау қағидасын Трезини қоғамдық ғимараттарды жо-
балауда табысты пайдаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет