Ярославльдегі Илья пайғамбар шіркеуі (1647-1650 ж.) Шіркеудің шағын приделдері және олардың үстінен жекелеген
бастары бар. Шіркеудің бірінші қабатында – шығыңқы орналасқан
кіреберіс пен жабық галерея. Галереялардың арка ойықтарында
«доғашекті өрнек» қолданылған, кірпіш қабырғалардың сыртынан
ақ жонылған тастардан салынған сәндік бөлшектер қабырғаларды
өзгеше етіп көрсетеді.
Кіреберістерінде де арка жүйесі қолданылады. Шіркеудің
қабырғалары жеке кірпіштерден оюланған. Шіркеу терезелері түрлі
түсті мәнерқалыппен жиектелген.
1680 жылдары ғибадатхана одан сайын сәнді бола түсті.