225
қарапайым сылақтан жасалды. Осының арқасында класси-
цизм астаналық қалалардың сарайларында ғана емес, соны-
мен қатар провинцияның қарапайым тұрақ жайларында да
өркендеді.
• табиғатпен, ландшафтпен тығыз байланыстағы үй-жай
ансамбльдерін жасау мүмкіндіктері.
Классицизмнің көркемдік үлгілері орыс сәулетінде итальяндық
Қайта өрлеу дәуірі шеберлерінің шығармашылығы арқылы өзгерген
антикалық болды. Стильге тән белгілер – айқын геометриялық жос-
парлар, көлемдер мен қасбеттер композициясындағы біркелкі
симметрия, орталықтың басым болуы, көлденең және тік бөліну
айқындығы. Бағана бөліктерінің дәлме-дәл арақатынасын сақтаған
антикалық ордерлік жүйе сәйкестемелік қатынас арақатынасының
өлшемі болды. Ұстынтізбектер, жауырындық қабырғалар,
діңмаңдайшалар классикалық сәулеттің тұрақты мотивтері болып
табылады.
Ресейде классицизмнің екі сәулеттік: батыс еуропалыққа жақын
петерборлық және өзінің ұлттық ерекшеліктері бар мәскеулік мектебі
қалыптасады. Классицизм сәулеті шартты түрде:
Ерте классицизм
– 1760-1770 жылдар;
Жарасымды классицизм
– 1780-1800 жылдар;
Кейінгі (кемеліне жеткен) классицизм
– 1800-1830 жылдар
бо-
лып үш кезеңге бөлінеді:
1812 жылғы Отан соғысы бұл кезеңді екіге бөледі:
І.
1800-1812 ж.
ІІ.
1812-1830 ж. –
Ампир.
Классицизмнің соңғы ірі жетістіктері жаңа стиль – эклектиканы
енгізген уақыт болып табылады.
Ресейде классицизм стилінің даму аралығында осы стильдің та-
маша үлгілерін жасаған орыс сәулетшілер де, шетелдік сәулетшілер
де еңбек етеді. Орыс классицизмінің үздік өкілдері - И. Е. Старов,
В. И. Баженов, М. Ф. Казаков, А. Д. Захаров, А. Н. Воронихин, В.
П. Стасов, Ч. Камерон, Д. Кваренги, В. П. Стасов, К. И. Росси, О. И.
Бове және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: