226
байқалатын классицизмнің ерте үлгілерінің
қатарына Көркемөнер
академиясының ғимараты, Мәрмәр сарай (1768-1785 ж., сәулетшісі
А. Ринальди) жатады.
Көркемөнер академиясы (1764-1788 ж.) Сәулетшісі:
А. Ф. Кокоринов, Ж-Б. Вален-Деламот
Көркемөнер академиясы 1750 жылы құрылды.
Оның негізін
қалаушы және алғашқы президенті граф Шувалов болған, сондықтан
бастапқыда академия оның жекежайында орналасқан.
Шувалов сәулет өнерін оқыту үшін А. Ф. Кокориновты
шақырады, ол академия
ғимаратының жобасын жасайды, бірақ
ғимарат ашылғанға дейін өмір сүрмеді.
Бұл – классицизм қағидалары едәуір қалыптасқан ірі қоғамдық
ғимарат үлгісі. Ғимарат Васильев аралында
тұтас бір қала бөлігін
алып жатыр
(110-сурет).
Ғимарат жоспарында ортасында салтанат-
ты дөңгелек ауласы және бұрыштарында төрт төртбұрышты ауласы
бар орасан зор тікбұрыш болып саналады. Дөңгелек аула жанын-
да екінші қабатта тамаша жарықтандырылған
және студенттердің
көрме жұмысына арналған дөңгелек галерея орналасқан.
Ғимарат қасбеттерінің, сондай-ақ
интерьерлерінің негізгі
бөлінуі ордерлік жүйеде тұрғызылған. Бірінші қабат қашалған,
екінші және үшінші қабаттар дорикалық жауырындық қабырғамен,
ал ғимараттың
шығыңқы бөліктері ризалитпен, бағаналармен
қосылған. Бас есік үстінде аласа күмбез орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: