Діни имарат түрлері • Минарет – намаз оқуға шақыратын биік мұнара. Шөл далада
бағдар ретінде де, сонымен қатар күзет мұнарасы ретінде де
пайдаланылды.
• Мазар – кесене, сағана.
• Хужрасы бар медресе – тұтас бір қала бөлігін құрайтын
жоғары және орта рухани мектеп, ислам академиялары.
• Мешіт – мұсылмандардың ғибадатхана ғимараты.
Мешіт өзінің кеңістіктік ұйымдастырылуымен христиан
ғибадатханаларынан едәуір
ерекшеленеді. Ол екі бөліктен тұрады: дәрет алуға және на-
маз оқуға арналған су қоймасы бар кең аула
(39-сурет). Мешіттер
солтүстіктен оңтүстікке, Мекке бағытына бағытталып салынады.
Ғибадатханада бұл бағыт
(құбыла) михрабпен – Құран сақталатын,
қабырғаның арнайы текшесімен белгіленген. Құран оқу үшін арнайы
кафедра – мимбар жабдықталған. Мұсылмандарды намаз оқуға биік
минареттен шақырады.
Ислам сәулетінде мешіттің төрт түрі:
Сарай (Қайырдағы Ибн-Тулун мешіті);
Бағаналы (Кордовадағы мешіт);
Айванды (Қайырдағы Гассан сұлтан мешіті);
Константинопольде Әулие София соборына ұқсатып салына-
тын орталық-күмбезді мешіттер (Константинопольдегі Сүлеймен
мешіті) қарастырылған.