Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Фрейбургтегі собор (1260-1350 ж.)



Pdf көрінісі
бет93/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Фрейбургтегі собор (1260-1350 ж.)
Бұл – қасбеттері екі қабатқа бөлінген үш астаукеңістікті базилик. 
Ортаңғы астаукеңістік биіктігі – 25 м, астаукеңістік ендері – 9-11-9 
м. Ортаңғы астаукеңістік бүйір жақтағылармен тең, бұл француздық 
готикада болмаған. Мұнаралар ХІV ғ. аяқталды. Олар шатырмен 
аяқталған – бұл неміс готикасына тән. Собор сұр тастан орындалған, 
сондықтан біршама жабыңқы әсер қалдырады. 
Кельн соборы (ХІІІ ғ.-1882 ж.)
Собор Амьен типінде салынған және көлденең үш астаукеңістігі 
және капеллалы галереясы бар бес астаукеңістікті ғимарат болып та-
былады. Бас астаукеңістік ені – 43,5 м. Үшдоғалмұнаралардың екінші 


98
жоғарғы қабаты тесіп өтеді. Мұнаралардың жоғарғы бөлігі 1882 жылы 
аяқталды, олардың биіктігі 150 м – бұл ең биік мұнаралар, дегенмен, 
олар готика стилінде орындалмаған. Қатарланған мұнаралар орталық 
бөлікті «қысып» тұрғандығы соншалық, ол өзінің композициялық 
орталығынан айырылған. Басқа ортағасырлық имараттар сияқты 
собор 1882 жылы толық аяқталды, сондықтан имараттың кейбір 
элементтерінен талғамның өзгергендігі байқалады.
Англия
Готика стилі кейіннен пайда болып, ХV ғасырға дейін 
пайдаланылған Англияда едәуір дәрежеде жергілікті сәулет 
мектебінің ықпалы байқалады. Ағылшын готикасының төмендегі 
стильдерін ерекше атап өтуге болады:
Ерте ағылшындық стиль
 - 1270 жылдарға дейін;
«Әшекейленген стиль»
 - 1370 жылдарға дейін;
«Перпендикуляр стиль»
 - ХV-ХVІ ғасырлар.
Ағылшын соборларының өзіндік жоспарлы шешімі бар. Ал-
тарь бөлігі апсида орнына үшбұрышты етіп аяқталған, көлденең 
астаукеңістіктері екеу болды, ал ортакеңістік үстіне әдетте қалың 
мұнара тұрғызылды, батыс жақ қасбет бұрыштарындағы мұнаралар 
болған жоқ. «Раушан»-терезе тігінен бөлінген немесе тұтас әшекей 
әйнекті ойықтармен алмастырылады.
ХІV ғасырдың соңында ағылшын соборларының ішкі жиһаздары 
анағұрлым әдеміленіп, күрделене түседі, сарай маңындағы кейінгі 
готикалық белгісі, интерьер сәнділігін көтеретін «әшекейленген» 
стиль пайда болады. Осы уақытта желпуіш тоғыспалар – күрделі 
өрілген әшейқабырғалар пайда болады, сондықтан қаңқаға аса 
мән берілмейді. Тоғыспаларда жұлдыз тәрізді өрнек жиі кездеседі. 
Жоспарлар түрлі құрылыстармен – аулалармен, капеллалармен 
күрделене түседі. Қасбеттерге бөлшектердің ұсақталуы тән.
Ерте ағылшындық готика үлгілеріне Уэльстегі соборды (1180-
1239 ж.) жатқызуға болады. Оның ғимарат ортасын қиып өтетін үш 
астаукеңістікті көлденең кеңістігі және кең қасбеттің жандарын-
да мүсінмен безендірілген екі қалың мұнарасы бар. Собор тамаша 
желпуіш тоғыспаларымен белгілі. 
Вестминистрлік аббаттық алуан түрлі діни имараттардың 
тұтас кешенінен тұрады. Оның ансамблінде көлемі 156 х 22 м со-


99
бор ғимараты биік болып тұр. Маңдайшалық кеңістіктер 1245-1269 
жылдары салынған. Сәулетшісі – Глостерден шыққан Джон.
Италия
Итальяндық готика ғибадатханаларының ішкі кеңістіктік ені 
биіктігінен артық болып келген базилик түрін сақтаған. Тоғыспалар 
негізінен төрттағанды, дегенмен жазық аражабындар да жиі 
қолданылған. Итальяндық готиканың ең маңызды үлгілерінің бірі 
1386 жылы салынған Милан соборы болып табылады. Оның 
жоспарлы шешімі француздар мен немістердің ықпалына тап болған 
итальяндық дәстүр рухында.
Готика өзіндік ерекше пішінде солтүстік және орталық 
Италияның Венеция, Флоренция, Болонь, Сиена қалаларында 
пайда болды. ХІІІ-ХV ғасырларда готикалық кезеңнің сәулеті 
«проторенессандық» деп аталған, яғни ХV ғасырда Ренессанстан 
бұрын болған.
Итальяндық готиканың өзгешелігі Сиена және Орьвьетто со-
борлары сәулетінен анық көрінеді. Бұл ғимараттарда қасбеттер мен 
интерьерлерді көлденеңінен бөлу олардың сәулетіне жайшылық пен 
көлемділік беріп тұрады. Бағаналар мен қабырғаларды өңдеуіне қара 
қоңыр және ашық түсті тастарды кезектестіру тән – византиялық 
қалаудың өңделген мотиві.
Негізінен Италияда готиканың тек жеке белгілері ғана: 
аркалардың, мұнаралардың «сәнді» мотивтері, терезе ойықтарының 
аркамен безендірілуі байқалады.
Италияда ақсүйектердің готика стиліндегі ескерткіштері: 
ратуштар, сарайлар, лоджиялар, субұрқақтар сақталған. Ең ірі 
үлгілері Флоренциядағы Веккио палаццосы, Сиенадағы Публико 
палаццосы, дождар сарайы.
Адамға ерекше эмоционалды әсер қалдыратындай етіп 
мүсінмен, түрлі түсті әшекей әйнекпен сәулеттік кеңістік жасалып, 
ортағасырлық еуропалық өнерді аяқтайтын дәуірде стилистикалық 
ерекшеліктер қалыптасады. Готика кезеңінде мүсін мен кескіндеме 
өнердің жеке тармағы болып бөлінбегенмен, сол кездің өзінде 
кескіндемелік жұмыстар мен ірі пластика жоғары шеберлікпен және 
бейнелердің мәнерлілігімен ерекшеленді.
Мүсін, арка, жақтаулардың пішіндері, жұқа етіп тігінен 
бөлудің молдығы ортағасырлық эстетикамен ғана, сонымен қатар 


100
практикалық түсініктермен қабылданды: мұндай пішіндерде тас 
конструкциялардың басты жауы - жауын суы бөгелмейді. Со-
бор төбелері аркалы және тоғыспалы соборларға қарағанда ерте 
тұрғызылды.
Итальяндық сәулеттің гуманистік сипаты готиканың негізгі 
қайшылықтарын: тиімділікті және көркемдік шындыққа ұмты-
луды, ал бір жағынан, сәнділік пен мистицизмнің артықтығын 
жеңуге мүмкіндік туғызды. Итальяндық готиканың реалистік 
тенденциясының дамуы Ренессанс сәулетінің гүлденуіне жол ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет