Реймстегі собор (1210-1311 ж.) Сәулетшілері: Реймстен Жан д Орбэ, Жак ле Лу, Гоше, Суассоннан Бернар, Робер де Куси Собор барлық корольдардың тәж кигізу жорасы үшін сарай
маңындағы корольдік шіркеу ретінде пайдаланылды
(38-сурет). Собордың ұзындығы 124 м, ені 30 м, көлденең кеңістік ені 50 м,
ортаңғы астаукеңістік биіктігі 38 м, «раушан» диаметрі 11,5 м. Батыс
жақ қасбет қала алаңына шығады. Собор композициясы жағынан
өте динамикалық. Батыс жақ қасбет жоғары қарай тарылып, ішке
шегінген.
Собор композициясында вертикаль басым: жебе тәріздес ар-
калар, ширатылған капеллалар тәжі, «раушанның» күрделі суреті
өте көп. Собор мүсінге, ойма бедерге, тас оймасына бай. Ол өзінің
сәйкестемелік қатынасы жағынан өте үйлесімді және орасан зор
көлеміне қарамастан алыстан өте әсем көрінеді. Мүсін реализммен
ерекшеленеді және портреттік сипатта. Қасбеттерді өңдеу тек ХV
ғасырдың басында ғана толығымен аяқталды.
96
Собор 1914-1918 жылдары 1940 жылдары немістердің бомбала-
уы кезінде қатты зақымданды. Қазір қалпына келтірілді.