Париждегі Құдай ана соборы (1163-1250 ж.)
Сәулетшілері: Шеллден шыққан Жан, Монтрейлден
шыққан Пьер, Шеллден шыққан Пьер, Жан Реви
Собор Сена өзенінің Сита аралында салынды. Оны бұрынғы
Әулие Стефан мен Мария шіркеулерінің орнына сарай маңындағы
шіркеу және Париждің бас ғибадатханасы ретінде Людовик VІІ және
папа Александр ІІІ салдырды.
Ғибадатхананың басты идеясы – орталықтандырылған монар-
хияны жарықтандыру. Құрылыстың ұзаққа созылуына қарамастан
собор стилі бірыңғай, бұл дегеніміз, дін, оның ықпалы және
әлеуметтік құрылыс бүкіл құрылыс кезеңі бойы өзгеріссіз қала бер-
ген.
Собор бес астаукеңістікті базилик болып табылады. Орталық
астаукеңістік ұзындығы – 129 м, батыс жақ қасбет ені – 42 м, орталық
94
астаукеңістік биіктігі – 32 м, мұнаралардың биіктігі – 69 м
(37-сурет).
Мұнаралар көптеген басқа готика соборларындағыдай аяқталмаған.
Ол туралы бірнеше болжамдар бар: қаражаттың жетіспеушілігінен;
жоспар бойынша мұнараны аяқтау қарастырылмаған; құрылыс ба-
рысында жобаның өзгеруі.
Батыс жақ қасбетте 3 бетше босаға (ортаңғысы сәл үлкендеу)
бар. Бетше босағалар жебе тәрізді, перспективалы. Сарай маңындағы
шіркеу ретінде собор корольдардың 28 мүсінінен тұратын галерея-
мен ерекшеленеді. Жоғарыда үшдоғалмұнара галереясы – бағаналы
аркалы галерея. Бұл галерея мен корольдар Галереясының арасында,
орталық бетше босаға үстінде – «раушан»-терезе, ал бүйір жақ бет-
ше босаға үстінде үшдоғалмұнараның үлкен терезелері орнатылған.
Собордың оңтүстік және солтүстік қасбеттерінде кішкене көлемді
«раушандар» бар. Ортакеңістікте шағын мұнарашық орналасқан.
37-сурет
Собордың орталық астау кеңістігінің тіреулері – роман стилі
бойынша үлкен әсембағанмен (1:5) аяқталған қарапайым цилиндр
бағандар. Бұл ертедегі готика имараты болғандықтан, онда готика
белгілерімен қатар романдық сәулет белгілері де кездеседі:
• аркаларды емес, дөңгелек тіреулерді пайдалану.
• қасбеттер тігінен айқын бөлінбеген.
• көлденеңінен бөлінуі айқын көрінеді.
• аркалар жебе тәрізді болғанымен, нашар көрінген.
|